Фильтр

Құрметті ән сүйер қауым!

10 қыркүйек күні сағат 16.00-де кітапханада "Шырқа, гитара!" ән кеші өтеді. Кештің құрметті қонағы – танымал әнші Сейіл Аяған.

Келіңіздер, гитарамен шырқалған әуезді ән кешінен қапы қалмаңыздар!

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Бұл мерейтой қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Елімізде өткізілетін республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында да І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылып, кеңінен насихатталуда.

29 қыркүйек күні сағат 12:00 де қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай Оқу залында  "Сәулең болса кеудеңде" атты әдеби сайыс өтеді. Әрі қарай әдеби байқаудың Ережесімен толығырақ таныс болыңыздар.

Қазақстанның кәсіптік мерекелерінің бірі - металлург күні шілденің үшінші жексенбісінде тойланады. Аталмыш кәсіптік мереке қарсаңында шілденің 19-ы күні Америка бұрышында ағылшын тілінде "Кен игеруден - кемел дамуға" атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында оқырмандар көптеген пайдалы ақпарат жинады. Қара және түсті металлургия кәсіпорындарының өндірісті дамытумен қатар, аймақтың мәселелерін оңтайлы шешуге ат салысып келе жатқандығы жайлы сөз қозғалды.

2015 жылы 18 маусымда сағат 11.00-де Қарағанды облысының тұрғындары үшін Жазғы Оқу қаласының ашылуы өтеді.

«Жазғы Оқу қаласы» жобасының мақсаты қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту және балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру.