- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 447
Құрметті оқырмандар!
Кітапханамызда «Кешірім күндері» акциясы өтуде!
Егер Сіз не сіздің досыңыз, таныс-білісіңіз кітапханамыздан кітап алып, қандай да бір себептермен уақытылы тапсырмаған болса, - Сіздер үшін үлкен мүмкіндік. Қазан айының 5-31 аралығында ешқандай айыппұлсыз алған кітаптарыңызды тапсырыңыздар.
Келіңіздер, мүмкіндіктен қапы қалмай оқырман қатарынан қайта орын алыңыздар!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 452
Поэзия - десе елеңдеп тұратын аса мәртебелі әдебиет жанашырлары!
Қарағанды шаһарында алғаш рет "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен өтетін ХХ ғасырдағы қазақ өлеңінің санаулы алыптарының бірі һәм бірегейі, бұлақтай мөлдір, лирик ақын - Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдығына арналған "Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде..." атты әдеби сазды кешке асығыңыздар!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1246
2015 жылдың 8 қазаны күні студенттер мен оқушыларды "ГОГОЛЕВКАҒА"
Ашық есік күніне шақырамыз!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1200
29 қыркүйек күні кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай "Сәулең болса кеудеңде..." әдеби сайысы өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 757
1 қазан. Күздің ерекше шуақты күні. Халықаралық «қарттар күні» мерекесі күні. Еліміздің қазынасы болып табылатын қарттарымыз бен ардагерлерімізді қошеметтеп, алғысымызды білдіретін күн. Жыл сайынғы дәстүрмен кітапханада ерекше кездесу өтетін күн.