- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 592
26 қазан күні кітапханада тағы бір жаңа клубтың тұсауы кесілді. Тарихымызды түгендеп, түбімізді тектеген уақытта осы істердің басы-қасында жүрген, айтулы тұлғалардың тағылымын тыңдау, жүзбе-жүз кездесу жастарға ауадай қажет.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе отырып ашылды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1214
"Ел іші - өнер кеніші" демекші, кітапханамызда 2015 жылдың 23 қазан күні тамаша жыр кеші өтті.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ғұмыр жасын өлеңмен өрнектеген ақын Қасым Ботановтың шығармашылығына арналған "Жиһангер жұлдыз" атты кездесу кеші әсерлі кездесулердің бірі болды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 771
20 қазан күні "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында қазақ әдебиетінің классигі "Ілияс Есенберлин және оның әлемі" атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
Елімізде Республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 432
Құрметті оқырман және барша қала тұрғындары!
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының біріккен жобасы – "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубының ашылуы.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 787
2015 жылы 15 қазан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қабырғасында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен қазақ және әлем мәдениетінің көрнекті қайраткері, ұлы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған "Дананың сөзі – ақылдың көзі" атты ең үздік кітапханалық блог облыстық байқауының қорытындысы жарияланды.