- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1085
2015 жылы 30 қарашада Елбасы Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты кезекті жолдауын жариялаған болатын. Жолдау аясында оқу залында кітап көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты – көпшілік қауымға, әсіресе жастарға Елбасының еліміздің ертеңі үшін жасап жатқан игі істері мен тың бастамаларын насихаттап, мемлекеттің саяси өміріне белсене араласуға, өз үлесін қосуға шақыру.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 558
Ізгілікке жаны құмар ардақты оқырман!
Елдігімізді сақтап қалуда ерен еңбектері сіңіп, есімдері алтын әріптермен жазылған ерлеріміздің есімін ардақтау парыз. Биыл Алашорда үкіметінің көсемі Ә.Бөкейханның 150 жылдығы "ЮНЕСКО"көлемінде тойланғалы отыр.
Осыған орай2016 жылдың 27-қаңтар күні сағат 17.00 деН.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындаЕ.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе ашылған "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубынның кезекті кездесуі өтеді.
Дәріс оқитын
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 582
2016 жылдың алғашқы беттері парақтала бастады. Жаңа күнтізбемен жаңа атаулы даталар легі жалауын көтерді.
26-қаңтар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиеттану ғылымының бәйтерегі, ақын, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған "Тамырын тереңге тартқан бәйтерек" атты онлайн конференция өтеді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2388
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды облысы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады.
Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі 1936 жылдың 3 тамыз айынан бастап Қарағанды облысы аталды. Орталығы - Қарағанды қаласы
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 717
5 қаңтар күні - ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, ұстаз, ақын, жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толды.
Айтулы датаға орай "Тамырын тереңге тартқан бәйтерек" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлы тұлғаның кітапхана қорындағы барлық құнды еңбектерімен қатар "Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы" қоғамдық қоры сыйға тартқан кітаптары қойылды.