- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 578
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі шақырады!
2016 жылдың 01 наурыз күні сағат 11.00-де кітапханамызда "Асыл ана – Ғасыр ана" атты шығармашылық кеш өтеді. Аталмыш шара биылғы жылдың мерейтой иесі, белгіліөнер қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекованың 100 жылдық мерейтойына арналмақ.
Осыған орай, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртістері мен өлкеміздің дарынды тұлғалары, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары кештің қадірлі қонағы болады.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 120
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-29 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
Ақпан айында да әдеттегідей өткізілетін шаралар қатары көп. Кітапханада әр күн сайын белгілі оқиғаларға байланысты әртүрлі шаралар өткізіліп жатады. Әрине, оның барлығы кітапханашы мамандарының орасан еңбегі.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 582
Бүгінде әлеуметтік желілерді серік қылмаған балалар кемде-кем шығар. Десе де, кітапхананы іздейтін оқушылар да баршылық. Солардың ішінде ұстаздарын қолқалап, кітапханаға келген №36 мектептің бір топ оқушыларын атасақ болады. Кітапхана қызметімен танысқан оқушылар экскурсия соңында кітапханаға жазылып, кітап алып, олжалы қайтты.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 951
Жиырма жетінші қаңтар. Ымырт құлайтын мезгіл. Облыстағы бас кітапхананың оқырман залы лық толы. Басым бөлігі лапылдап тұрған жастар. "Келді, келді" - десіп, дүрлігісе орындарын тұрып қол соқты. Орта жастан жаңа асқан ақсары жүзді жігіт ағалары зал төріне беттеп келеді. Келіп арнайы дайындалған орынға жайғасты. Жұрт сілтідей тына қалды.
Бұл - Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған "Тағылым" танымдық интеллектуалдық клубының кезекті кездесуі еді. Тізгін әдеттегідей Айтбай
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1219
Ғасырлар қойнауынан алтын күндей жарқырап бүгінге жеткен қазақ әдебиетінің түп-тамыры әріде жатыр. Ауыздан ауызға жатталып мұра болып кеткен жыраулар әдебиетін мүлдем басқа арнаға бұрып, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған – Абай Құнанбайұлы. "Абай жолы" роман-эпопеясын жазып оны әлемге танытқан Мұхтар Омарханұлы. Ал бала кезінен Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, оны жинақтап, зерттеп, тұңғыш мұражайын ұйымдастырып, сол үшін сотталып азап шексе де бетінен қайтпай бүкіл ғұмырын Абай мен оның ақын шәкірттеріне арнаған – Қайым
...