- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 516
Құрметті оқырмандар, қала меймандары!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен облыстың 80 жылдық құрметіне кітапханамызда "Қарағанды облысы: тарихы, болмысы, болашағы" атты иллюстративті кітап көрмесі ашылады.
2016 жылдың 15 наурыз күні сағат 15.00-де өтетін облысымыздың өткен тарихы мен бүгінін зерделейтін кітаптармен танысуға шақырамыз.
Туған жер тарихын білу елдігіміздің серті.
Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 545
2016 жылдың айтулы мерейтойы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.Бұл шара осы жылы өтетін барлық мереке-мейрамның салмағын, мәнін арттыра түспек. Қазақстан Республикасы Елбасы Жарлығымен биыл бірінші рет 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Осынау кең-байтақ жерімізді мекендеген барша ұлттар мен ұлыстар қиын да күрделі кезеңде, ел сынақтан өткен ауыр уақыттарда бір-біріне демеу болғаны үшін, татулық пен достықты алдыңғы қатарға қойып, тыныш заман, бейбіт өмірде ғұмыр кешіп жатқандарына алғыс білдіріп, шынайы
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 105
Кітапхана іргесінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе жұмыс істейтін "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы Қарағанды жұртшылығын тағы бір танымды тұлғамен жүздестіруге қуанышты.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 561
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Көктемнің алғашқы күндерімен келетін осы ерекше мерекеге орай кітапханамызда "Әйелдер – асыл жандар" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 31415
Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолдану, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе екендігі жалпыға мәлім. Соңғы жылдары республикамыздың жеке аймақтарында (Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және т.б.) "Сырдария кітапханасы", "Баянауыл кітапханасы", "Алтай - Ертіс кітапханасы", сынды жеке атаулы сериялармен республикаға танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері басылып шықты.