- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 562
Құрметті оқырмандар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!!!
Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
Мерекелік күндері кітапхана келесі тәртіпте жұмыс істейді:
- 20 наурыз (жексенбі) - жұмыс күні
- 21 наурыз (дүйсенбі ) - мереке күні
- 22 наурыз (сейсенбі) - мереке күні
- 23 наурыз (сәрсенбі) - мереке күні
- 24 наурыз (бейсенбі) - жұмыс күні
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 554
Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен, тарихы тереңде жатқан қазақ халқы ежелден сөз өнерін қастерлеп, ардақтаған. Астарлы сөйлеп, аталы сөзге тоқтаған.
Басқа халықта кездесе бермейтін, қазақ баласының маңдайына жазылған үлкен сөз өнері - айтыс өнері де соған дәлел. Қазақ мәдениетінің бір тармағы болып саналатын бұл өнер – кешегі Қырғыздың Қатағанын шаң қаптырған Сүйінбайдан бастау алып, қазіргі таңда да өз жалғасын тауып келеді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 814
13 наурыз. Ескіше айтқанда қыстың соңғы күні. Кібісе күні өткен соң-ақ күрт сынған Арқаның күн райы бүгін құбылып тұр. Жылғалардан жылжып су ақпаса да, қаланы жапқан қалың қардың көбесі сөгіліп, жылдағыдан гөрі жер әжептәуір қарайып, көктем лебі сезіліп-ақ қалған еді.
Кітапхана іргесінде жұмыс жасайтын "Жыр-жауһар" поэзия клубының жастары
бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін бастап жіберді. Еліміздің батыс өңірінде ғана аталып өтетін "Амал" күні жайлы айтылып, Наурызға шашу шашылды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 876
Наурыздың 14 күні "Сарыжайлау" кинотеатрында Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы аясында кітапхананың қатысуымен мектеп оқушыларына арналған кино-сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – алаштың біртуар азаматы, ірі саяси-қоғам қайраткері, ұлт көсемі, ғұлама, ғалым Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен атқарған істері, тарихта алар орны жайлы мағлұмат бере отырып, туған халқына адалдығын, патриоттылығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 490
Құрметті жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандар!
18 Наурыз күні 17.00-ден 18.00-ге дейін кітапханамызда АҚШ (Астана) елшілігінің өкілімен Магистратурада оқуға арналған Фулбрайт бағдарламасы (2017-2018 оқу жылы) бойынша веб-чат өткізіледі.
Фулбрайт бағдарламасы жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандарға АҚШ-та магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Мамандықтар тізімі:
Медициналық мамандықтардан басқа кез келген мамандықтар бойынша өтініш білдіруге болады.
Бағдарлама бойынша сұрақтарыңыз болса келіп
...