- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 629
ҚҰРМЕТТІ ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫМ!!!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай наурыздың 30-шы жұлдызында сағат 12.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының жанынан құрылған "Өркен" жас ақындар клубымен Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыс жасайтын "Жыр-жауһар" поэзия клубының арасында "Жастар поэзиясы жаңа белесте" атты онлайн кездесу өтеді.
Кездесуге қатысатындар арасында Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облысы филиалының директоры, қазақтың адуынды ақыны Серік Ақсұңқарұлы, Жазушылар
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 569
Құрметті оқырман қауым!
Ежелден қазақтың тарихын баяндап, ғасырлар сырын сақтаған музыкалық аспаптың бірі – домбыра.
Ұлттық тәрбие мен білімнің кілтіне айналған киелі аспаптың қасиетіне арналған "Ұлттық аспаптар үніндегі құдірет" атты музыкалық кеш өтеді.
Домбыраның тарихы, домбыра өнерінің жанрлық сан қырлылығы, домбыра жасау өнері жайлы осы кеште әсерлі әңгіме жүреді. Сахналандырылған көрініс пен домбырашылар ансамблінің орындаған төкпе күйлері осы киелі аспап жайлы мағлұматтарыңыздың кеңеюіне ықпал етері сөзсіз.
Келіңіздер, ерекше кештің куәгері болуға асығыңыздар!
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 529
18 наурыз күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Баспасөз, Мәдениет және Білім беру мәселелері бойынша елшінің кеңесшісі Алиша Вудвардпен "Қазақстан-Америка: 25 жыл бірге" аттыкездесу кеші өтті. Бұл кездесудің мақсаты- АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастардың 25 жылдығын тойлау аясында АҚШ дипломатиялық миссиясы "25 жыл бірге" кампаниясын іске асыру, өзара мәдени қарым-қатынасты нығайту.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 906
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы облысымыздың 80жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Аймағымыздың мерейтойына арнап кітапханамызда "Қарағанды облысы: тарихы, болмысы, болашағы"атты иллюстративтік кітап көрмесі қойылып, жылдың бас көрмесінің ашылуы өткен еді. Шараның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын өлке жайлы кітапханамыздың бай рухани қазынасымен таныстырып, жастардың кітап оқу арқылы туған өлкеге, Атамекенге деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 627
"Дін – ғылымның атасы" - деп бекер айтпаса керек. Бұл тіркестің ислам дініне тікелей қатысы бар. Кешегі Қараханит дәуірінен бүгінгі таңға дейін қазақ атымен біте қайнасқан ислам дінінің берері мол.
Қазіргі қазақи қоғамға ислами тұрғыдан айтар өсиет, берер тағылым ауадай қажет. Соның бірі деп кітапханамызда наурыз айының 18 жұлдызы жұма күні "Ислам және зайырлы қоғам" атымен өткен кездесуді айта аламыз. Аталмыш жиынға №1 мешіттің наиб имамы Ермахан Оралбай, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы,
...