- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 438
Құрметті оқырмандар!
2016 жылдың 14 сәуір күні сағат 14.00-де Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан - достықтың киелі бесігі" атты мерекелік кездесу кеші өтеді.
Аталмыш шарада Қарағанды қаласындағы ұлттық этномәдени бірлестіктердің тарихы мен мәдениеті жайлы ақпаратпен танысып, әр ұлттың музыкалық сәлемін тамашалай аласыздар!
Келіңіздер! Көріңіздер! Қапы қалмаңыздар!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 548
Қазақстан Тәулсіздігінің 25 жылдығына орай 5 сәуір күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұлттық аспаптар үніндегі құдірет" атты музыкалық кеш өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 571
Кешегі кермедегі көлденең кер атты міне сала "Жау шаптыға" басқан ел ала, бұлт шала заман артта қалды. Тәуелсіз Қазақияға биыл 25 жыл. Бұл алаштың баласы үшін торқалы той. Етек-жеңді жиып еңселі елу елдің қатарына қосылғанымыз едәуір жетістік. Сол Егемендікті ту етіп жастарға табыстау һәм олардың патриоттық рухын ояту мақсатымен С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы жанынан құралған "Өркен" ақындар клубы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыс жасайтын "Жыр-Жауһар" поэзия
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 112
Шуақты көктем айларының бірі – сәуір де келіп жетті. Бұл айда өткізілетін іс-шаралар мен кітап көрмелері "Зияткер ұлт. Нұрлы болашақ" тақырыбына арналмақ.
Сонымен қатар кітапханашылар қауымы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні, Дүниежүзілік денсаулық күні, қазақ халқының ғашықтар күні, мәдениет қызметкерлері күні және тағы басқа мерекелерді назардан тыс қалдырмады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1231
Құрметті жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандар!
1 сәуір күні 17.00-ден 18.00-ге дейін кітапханамызда АҚШ (Астана) елшілігінің өкілімен Магистратурада оқуға арналған Фулбрайт бағдарламасы (2017-2018 оқу жылы) бойынша веб-чат өткізіледі.
Фулбрайт бағдарламасы жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандарға АҚШ-та магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Мамандықтар тізімі:
Медициналық мамандықтардан басқа кез келген мамандықтар бойынша өтініш білдіруге болады.
Бағдарлама бойынша сұрақтарыңыз болса келіп қатысыңыздар!
...