Фильтр

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Тәуелсіздік мерейтойына - 25 игі іс

Бағдарламасы

Фотобайқау!    Фотобайқау!    Фотобайқау!

Н.В. Гоголь атындағы Қарғанды облыстық кітапханасы "Гоголевкадағы Кітапхана түні" акциясы аясында өткізілетін "Отбасымызбен оқимыз" атты фотобайқауға қатысуға шақырады.

Бұл фотобайқаудың басты мақсаты -  кітап оқуға назар аударту, қоғамда кітаптың рөлі мен мәртебесін арттыру, оқырман отбасының позитивті бейнесін жасау.

Байқау 2016 жылдың  20  наурызы мен 20 сәуірі аралығында өткізіледі.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында (бұдан әрі ОӘҒК) жыл сайын "Гоголевкадағы" Кітапхана түні" мәдени-әлеуметтік Акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты – кітап кеңістігі мен оқуды дәріптеу үшін кітапхана мен кітапқа құмар тұлғалардың күшін біріктіру, тұлғаның бос уақытын өткізудің жаңаша түрлерін ұйымдастыру, жастарды оқуға баулу, Қарағанды облысы кітапханаларының мәртебесін көтеру.

Биылғы жылы аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80-жылдық мерейтойына орай және 1

...

Төгіліп тұрса көктен нұр,

Мен сені сүйген көктем бұл...

Жанарыңдағы сағыныш

Үзіліп түсті. Мөп-мөлдір!

 Қадірменді өлең сүйер қауым!

Сіздерді 15-сәуір "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күнінеорай Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубыныңұйымдастыруымен өтетін

"Мен сені сүйген көктем бұл..."

атты әдеби-сазды кешке шақырамыз. Ғашықтық ғазалдарымен сусындап, әуезді ән тыңдаймын десеңіз, бізге асығыңыз!

Өтетін уақыты: сағат 15.30

Өтетін

...

2016 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы

Тәуелсіздік құрдастары! Еркін елдің ертеңі! Қарағанды облысының жас тұрғындары!

Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп.

         1991 жылы туылған талантты да белсенді, мақсатқа ұмтылғыш біздің жастарымыз!

Н.В. Гоголь кітапханасы арнайы Сіздер үшін  "Гоголевка оқырманы

...