Фильтр

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

Баршаңызды 2016 жылдың 21 сәуірі күні

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына,

 "Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық" күніне арналған

"Кітап – уақыт пен кеңістік тынысы" атты кітап фестиваліне шақырамыз

Бағдарламада:

Әр ұлттың өзіне тән салты, дәстүрі бар. Қазақи дәстүрден аттамай, ата жолымен ардан алшақтамаған қазақ қашанда сезімін сүйгеніне ерекше  білдірген. Бұл турасында кешегі Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қозы мен Баянның махаббаттарын мысалға алар болсақ,  алар тағылым санаға саңылаусыз жол табары хақ. Ал, бабалардың өнегелі сезімі ұрпаққа өшпес соқпақ болып қала берері сөзсіз.

"Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" демекші, бірлік күні қарсаңында әдеби кештер өткізуді дәстүрге айналдырған кітапхана ұжымы осы жылы да Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан - достықтың киелі бесігі" атты кездесу кешін өткізді.

Қаламыздың тұрғындары мен меймандары асыға күтетін "Гоголевкадағы" Кітапхана түніне" - 5 жыл!!! Биылғы жылы Акциямыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80-жылдық мерейтойына орай және 1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесі қарсаңында 2016 жылғы 29 сәуір күні өткізіледі.

"Кітапхана түнінің" негізгі мақсаты - кітап кеңістігі мен оқуды дәріптеу үшін кітапхана мен кітапқа құмар тұлғалардың күшін біріктіру, тұлғаның бос уақытын өткізудің жаңаша түрлерін ұйымдастыру, жастарды оқуға баулу, Қарағанды облысы кітапханаларының

...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Кітапхана сайты – ақпараттық және білім беретін әлемге ашылған терезе" атты үздік кітапхана сайты сырттай байқауы басталды.

Байқаудың мақсаты: ОКЖ сайттарын жетілдіру және дамыту мақсатында бәсекелестік орта қалыптастыру, облыс ОКЖ сайт құру жұмыстарын бағалап, ынталандыру.

Байқауға қатысуға Қарағанды облысының ОКЖ шақырылады.

Онлайн-тіркелу 2016 ж. 15 сәуірінен 25 сәуіріне дейін.

Байқау нәтижесі екі номинация бойынша қорытындыланады

...