Фильтр

2016 жылғы 20 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлерініңкәсіби мерекесі қарсаңында Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне арналған жыл сайынғы сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Облыс әкімінің сыйлығын табыстау 2006 жылдан бері бастау алып, бұл күнде дәстүрге айналған. "Өнер - ұлттың жаны", дейді халық даналығы, өйткені, кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек еткен жандар үшін бұл ерекше

...

Сәуір және мамыр айлары аралығында кітапханамызда Американдық бұрыш бастамасымен "Табиғатты аялайық" - "Защитим природу" - "Earth Day" атты қолданбалы және көркемөнер балалар шығармашылығының байқауы өткізілген болатын.

Қадірменді оқырман қауым!

Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарын бастан өткергелі бері талай жылдың жүзі жаңарды.  Қанды күндердің қаһарманына айналған ардагер ақсақалдарымыздың ерлігіне құрмет көрсету, рухын асқақтату, кейінгі ұрпаққа соғыс жылдары туралы мағлұмат беру мақсатымен сіздерге онлайн викторинамызды ұсынамыз.

Төртінші мамыр күні көмейінен кәусар тамған әншінің, аузынан жалын шашқан ақынның, тауыс құстай киініп тал шыбықтай иілген бишінің – жалпы, бар өнердің  ордасына айналған Алматы қаласымен онлайн кездесу болып өтті. Бас қосу Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасындағы "Жыр – Жауһар" поэзия клубының 10 жылдығы аясында орын алды. Онлайн кездесудің түп мақсаты - Алматы қаласының ұлттық кітапханасы жанынан құралған "Әдебиет әлемі"және "Парасат" атты поэзия клубтарының тоғыз жолдың торабы түйіскен Қарағандымен арадағы ақындықтың

...

Сұрапылдығымен төрткүл дүниені қамтыған екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысында Совет армиясының жеңіске жеткеніне  биыл 9 мамырда  71 жыл толады. Осы Ұлы Жеңістің құрметіне кітапханада «Жеңіс күні – мәңгі есте сақталады» атты кітап көрмесі ашылды.