Фильтр

Барлығымыз да бір кездері бала болдық. Сол кездері қуаныш пен шаттыққа, жылылық пен күн нұрына толы жаз айларын асыға күттік. Бақытты балалық шағымыздың сол сәттері әлі де есімізде.

Өз кезегімізде біздер де, 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай кітапхана қызметкерлерінің балалары үшін  есте қаларлықтай ерекше мейрам ұйымдастыруға тырыстық.

Елдің елдігін, халықтың бітім-болмысын көрсететін ұлттыққұндылықтарымыз –мемлекетіміздің рәміздері. 4 – маусымҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай кітапханада "Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгісі" атты кітап көрмесі ашылды.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер", - деген болатын. Олай болса, оларға деген көзқарасымыз бен құрметіміз бәрінен биік болуға тиіс.

...

Әдеттегідей кітапханадағы жазғы маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарамен ашылады. Маусым айында Жазғы оқу қаласы ашылып, "Кітапханадағы жаз мезгілі" бағдарламасы аясында балаларға арналған клубтар мен үйірмелері өз жұмысын бастайды.

Маусым айына арналған іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Осы датаға орай кітапханада қазақ халқының қайғы-қасіретке толы сол бір кезеңін қамтитын "Қасірет және естелік" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне арналған сыйлығы біздің кітапханамызға қос бірдей қуанышты алып келді. Сол қуаныштың бірі - болашағынан үлкен үміт күттіретін жас прозаик Алмаз Мирзахметовтың Облыс Әкімі сыйлығының «Алтын жолақ» номинациясының иегері атануы.