Фильтр

Биыл 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліске 100 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай кітапханада "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: оқиғалар мен батырлар" атты көрме ұйымдастырылды.

Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы сәтте Сіздерге кітаптар мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.  Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қарағанды облысының 80 жылдығын мерекелеу аясында "Сүйем сені, туған өлкем" атты балалар сурет байқауын өткізеді.

2016 жылдың 16 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі "Жазғы Оқу қаласы" жобасы жұмыс жасауын бастайды.

"Жазғы Оқу қаласының" алаңы "Мәңгілік алау" мемориалының Аллеясында, 1 қыркүйекке дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған викториналар мен әртүрлі акциялар өткізіледі.

Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға, белгілі тұлғалардың өмірімен танысып, әртүрлі талғамдағы кең танылған ғылыми көпшілік

...

Облысымыздың бас кітапханасы ретінде Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның аймақтық кітапханаларымен тәжірибе алмасу мақсатында онлайн режиміндегі кездесулер өткізумен қатар,іссапарларға барып, облысымызға келгенәріптестерімізді де қарсы алуда.

Осындай мәнді де, мағыналы кездесулердің бірі - 2016 жылғы 6-9 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысының кітапхана қауымдастығы атынан келген әріптестеріміздің іссапарын атап өтуге болады. Бұл Батыс Қазақстан облысы кітапханашыларының біздің кітапханаға алғашқы келулері емес, Батыс

...