- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5180
Мемлекеттік тілді үйренушілердің кітапханадағы ақпараттық ресустарға қол жетімділігін арттыру мақсатында 2008 жылы оқу залында "Қазақ тілін үйрену ресурс орталығы" ұйымдастырылды. Орталыққа қазақ тілін үйренушілерге арналған оқулықтар, оқу құралдары, әдістемеліктер, тілашарлар, сөздіктер жеке-жеке топтастырылып қойылды. Мемлекеттік тіл мәселесі бойынша өткізілген конференция материалдары мен қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында әмбебап қолданудың тың жолдарын ұсынған тіл мамандарының еңбектері де қамтылды. Қор жыл сайын толықтырылады. Оқырмандар, яғни, қазақ тілін өз бетімен үйренушілер, сонымен қатар, қазақ тілін үйретуші – қазақ тілінің оқытушылары және басқа да қызығушылық танытушылар заман талабына сай дискмтүрінде шыққан оқулықтарды, әдістемеліктерді, жалпы қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінен бағыт-бағдар беретін еңбектерді пайдалана алады. Солардың бір легімен сіздерді таныстыруды жөн көрдік.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4413
Құрметті кітап сүйер қауым!
Заңның әрбір әрпінен ауытқымай қызмет ететін маман иесінің кең тақырыптарға барып көлемді зерттеулер жүргізіп, тарих пен әдебиетті еркін игеріп кәсіби дәрежеде кітап жазуы – үлкен құбылыс.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3733
Құрметті оқырмандар!
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті баспасының "Қазақ тіл білімінің антологиясы" атты сериясында шыққан тіл біліміне қатысты жаңа кітаптарды назарларыңызға ұсынамыз.
"Қазақ тіл білімінің антологиясы" атты сериясында шыққан жаңа кітаптар
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4393
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі ресми тарихи-ғұмырнама жанрында алғаш рет зерттеліп, "Деловой мир Астана" баспасынан "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" кітабы жарық көрді. Кітапта оның қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшысына дейінгі жүріп өткен жолы баяндалады. Президент Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы, көрнекті публицист Махмұт Қасымбеков жетекшілік еткен шығармашылық топ Елбасытану саласында орасан зор ғылыми жұмыс атқарған.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4442
Назар аударыңыз! Жақын арада кітапхана қоры жергілікті ақын-жазушылардың жаңа кітаптарымен толықтырылады.