Қаламыздағы бас кітапхананың іргесінде құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы жыр жазатын жас ақындардың бірлестігі ғана емес, сонымен қатар, қазақ поэзиясын сүйетін, Алаш ақындарының жырларын құныға оқитын жастар үшін жұмыс жасайтын орта. «Жыр-Жауһар» поэзия клубының бес жылдығына және Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерейтойына арнайы шығарылған жас толқынның жауһар жырларын оқырман қауымға жеткізетін әдеби көркем журналда жас ақындардың мерзімдік баспаға шыққан жəне жеке шығармашылығындағы үздік шығармалары басылады.
Жыр-Жауһар: әдеби көркем журнал
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3858