Қарағанды ОӘҒК Қарағанды ОӘҒК Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
  • Басты бет
  • Онлайн-каталог
  • Жаңалықтар архиві
    • Бізді қалай табуға болады
    • Тарих және қазіргі кезең
    • Басшылары
      • Өлкетану әдебиеті бөлімі
      • Өнер туралы әдебиеттер бөлімі
      • Халықаралық әдебиеттері бөлімі
      • Мерзімді басылымдармен жұмыс бойынша секторы
      • Абонемент бөлімі
      • Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі
      • Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
      • Негізгі қорларды сақтау бөлімі
      • Облыс кітапханаларын дамыту бөлімі
      • Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі
      • Оқу залдары бөлімі
      • Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
    • Жұмыс есебінің түйіні
    • Қорлар
    • Электрондық ресурстар
    • Тақырыптық тізімдер
    • Кітапхана басылымдары
    • Виртуалды көрмелер
    • Кітаптардың мерзімін онлайн ұзарту
    • Құжаттарды электронды жеткізу
    • Виртуалды анықтама
  • Әдіскер кабинеті
  • Өлкетану
    • "Сарыарқа" ЭК

Тіліңізді таңдаңыз

  • Қазақша (kk-KZ)
  • Русский

Гитара үйренудің толық курсы

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «13 «тамыз» 2017»
Көру саны: 1958

Рок жұлдыз болуды қалайсыз ба әлде гитараны

 отбасылық кештерде ғана ойнауды жөн көресіз бе?

Олай болса танысуға асығыңыз, "Гитара үйренудің толық курсы"

сізді қолыңыздан жетелей отырып,

 қарапайым әуендерді тез меңгеруге көмектеседі.

Қазіргі заманғы музыкалық аспаптар әр алуандығымен ерекшеленсе де , гитара – музыка әуесқойларының басты назарында. Адамзат қолынан шыққан ең керемет әрі таңғажайып музыкалық аспаптардың бірі де бірегейі гитара – ерекше күшке ие өте қарапайым құрылғы. Оның үні, көңіл күйді жеткізе білуі және диапазоны пианинодағыдай шексіз болғанмен, әлдеқайда қолайлы аспап.

Толығырақ …

Г. Солтанбаеваның "Мәңгілік өнер: Ою-өрнек тарихы" атты кiтаппен толықты!

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «25 «мамыр» 2017»
Көру саны: 1210

Ою-өрнек тұрмыс бұйымы мен денені әшекейлеуші декор ретінде адамзаттың пайда болу кезеңінде-ақ дүниеге келді. Б.з.б. 15-10 мыңжылдықтарда ою-өрнектің болғандығы туралы мағлұматтар кездеседі. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта адам өзі жасаған еңбек құралдары мен тұрмыстық бұйымдарды әшекейлеуде ою-өрнектің қарапайым элементтерін пайдаланылғандығы белгілі. 

Бұл "Мәңгілік өнер: Ою-өрнек тарихы" кітабында әлем халықтарының және әртүрлі кезеңдерде ою-өрнек өнерінің пайда болуы мен дамуы қарастырылған. Қазақ халқының ою-өрнек өнерінің даму тарихы, оның классификациясы келтірілген және қазақ ою-өрнектерінің негізгі элементтерінің символикалық мазмұны айқындалған.

Толығырақ …

Театр өнерімен мәңгі сабақтас есім

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «17 Ақпан 2017»
Көру саны: 1271

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi

"ЖАНСАРАЙ"

атты жаңа кiтаппен толықты!

Биылтеатр сыншысы, аудармашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Төребайұлы Сығайдың туғанына 70 жыл.

Қазақ театр өнерінің алып асқары болған Әшірбек Сығай өмірден өткенде мәдениет саласы тірегінен, қорғанынан айырылғандай күй кешті. Саналы ғұмырын театр өнеріне арнаған аяулы жан артында өлмес мұра қалдырды. Оқырман қауым әркез іздеп жүріп оқитын еңбектер құндылығын да, мәнін де жоғалтпақ емес.

Толығырақ …

Қадірлі оқырман!

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «14 «Желтоқсан» 2016»
Көру саны: 1356

Сіздерді, сахна өнерінің саңлақтарын құрметтейтін барша қауымды актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері, Нүкетай Мышбаеваның  80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шағын көрмемізді тамашалауға шақырамыз! Қазақ театры тарландарының өнегесін көріп, өнердегі өз соқпағын салған актрисаның өмір жолы кімді де болса қызықтырары сөзсіз.

Толығырақ …

Танысуға асығыңыздар!

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «14 «Желтоқсан» 2016»
Көру саны: 1139

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмінің кітаптар қоры

К.Ш. Диярованың

«Шоқан Уәлиханов. Аққан жұлдыз»

«Блестящий метеор»

«The sparkling meteor»

атты үш тілді жаңа фотоальбом кiтаппен  толықты!

Бұл кiтап қазақ халқынан шыққан алғашқы және талантты географ, саяхатшы, зерттеуші, қазақ зиялы қауым өкiлдерiнiң бiрі Шоқан Уәлихановтың өмірі ме н еңбек жолы туралы.

Кітапта Шоқан Уәлихановтың өмір жолының басы, дәріс алған жылдары, тұлға ретінде қалыптасуы, өмірбаяны, Ресейде ғана емес шетелдердегі үлкен беделі туралы, ондағы зерттеу еңбектері жайлы жазылған.

 Сонымен қатар қазақ халқының тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай 1985 жылы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды мұражайы жайында, ондағы құнды материалдар туралы жан-жақты қызықты жазылып фотосуреттері берілген. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті барлығы дерлік ғалымның атын асқақтатып тұрғандай.

Кітаптың мәтіндік материалын толықтыратын карталар, сызбалар, суреттер ерекше құнды болып табылады.

Фотоальбом кітап Алматы қаласының ТОО «Тау-Қайнар» баспасынан 2016 жылы жарық көрген.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтедi!

  1. Актриса – адам жанының галереясы
  2. Өнердің бастаушысы – театр
  3. Көшпенділер мәдениеті
  4. Карикатура: сатиралық сурет-альбом

3 бет, 6 беттен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6

Бізбен байланысу

+7 (7212) 56‒74‒64 оқырмандарды тіркеу секторы
+7 (7212) 56‒76‒55 қабылдау бөлмесі
+7 (7212) 56‒53‒04 абонемент
+7 (7212) 21‒57‒73 халықаралық әдебиеттері бөлімі
+7 (7212) 77‒27‒76 көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. қабылдау бөлмесі
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. абонемент
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Оқырмандарға арналған ақпарат

  • Бізді қалай табуға болады
  • Кітапхананың жұмыс тәртібі
  • Кітапханаға қалай жазылуға болады
  • Кітапхананы пайдалану ережесі

Біздің мекен-жайымыз

M01P0M3, Қазақстан, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 үй

© 1999–2025 Қарағанды ОӘҒК