Қарағанды ОӘҒК Қарағанды ОӘҒК Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
  • Басты бет
  • Онлайн-каталог
  • Жаңалықтар архиві
    • Бізді қалай табуға болады
    • Тарих және қазіргі кезең
    • Басшылары
      • Өлкетану әдебиеті бөлімі
      • Өнер туралы әдебиеттер бөлімі
      • Халықаралық әдебиеттері бөлімі
      • Мерзімді басылымдармен жұмыс бойынша секторы
      • Абонемент бөлімі
      • Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі
      • Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
      • Негізгі қорларды сақтау бөлімі
      • Облыс кітапханаларын дамыту бөлімі
      • Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі
      • Оқу залдары бөлімі
      • Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
    • Жұмыс есебінің түйіні
    • Қорлар
    • Электрондық ресурстар
    • Тақырыптық тізімдер
    • Кітапхана басылымдары
    • Виртуалды көрмелер
    • Кітаптардың мерзімін онлайн ұзарту
    • Құжаттарды электронды жеткізу
    • Виртуалды анықтама
  • Әдіскер кабинеті
  • Өлкетану
    • "Сарыарқа" ЭК

Тіліңізді таңдаңыз

  • Қазақша (kk-KZ)
  • Русский

Қазыбек биге ескерткіш

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «12 Қараша 2012»
Көру саны: 2672

Қазыбек биге ескерткіш (10- қазан 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімшілігінің алдындағы алаң)

Қазыбек би (1665-1763) көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ мемлекеттілігінің қалыптастыруына, Тәуке ханның заңдар жинағын (Жеті Жарғы) шығаруға белсене үлес қосқан, үш жүзді біріктіру туралы бастама жасаушылардың бірі.

Ұлы ойшылдың мүсінінде қуаттылықпен адамгершіліктің үлгісі көрсетілген оң қолы жоғары көтеріліп, халыққа деген ыстық ықыласы бейнеленсе, сол қолында заңдар жинағы. Басындағы – мұра қалпағы оның орта жүзден екенін көрсетеді.

Автор: М.Мансұров

Материал: қола гранит.

Ескерткіштің жалпы биіктіг-14 метр.

Дереккөз: 

  • Омаров Н.  Қарағандыда Қазыбек биге ескерткіш орнатылды  // Заң газеті. - 2011. - 11 қазан (№ 147). - 1, 2 б.
  •  www.karaganda-akimat.kz

Бұқар-Жырау Қалқаманұлына ескерткіш

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «13 Қараша 2012»
Көру саны: 5830

Бұқар-Жырау Қалқаманұлына ескерткіш  (маусым, 2008. Қарағанды қаласы. Бұхар-Жырау даңғылы)

Бұқар-Жырау Қалқаманұлы (1643-1787), сурыпсалма-ақын, жырау, идеолог-ақын, Абылай ханның кеңесшісі Бұхар-Жыраудың өмірі мен шығармашылық жолы Сарыарқамен тығыз байланысты. Ақын-жыраудың туғаны, балалық шағы, өмірбаяны, өлгені туралы деректер жоқ. Алайда халық арасында сақталған аңызға сүйенген кейбір ғалымдар Бұқар-Жырау  Бұхара маңында  туған, сондықтан оның осы қаланың құрметіне қойылған деп тұжырымдайды.

Бұқар-Жыраудың шығармалары бізге философиялық - дидактикалық өлең түрінде жетті. Автор ақынның сол қолында домбыра, оң қолында таспиқ ұстаған бейнесін берген. Ол халықтың тағдыры туралы ой үстінде айбынды бейнесі.

Автор: Ж. Молдабаев

Материал: қола, гранит

Жалпы биіктігі -6,5м

Дереккөз:

  • Баба ескерткішін ашты // Орталық Қазақстан. - 2008. - 3 шілде (№103) . - 1 б.
  • Сбродова С. Здравствуй, Бухар-жырау! // Взгляд на события - 2008 - 25 июня

Абай Құнанбаевқа ескерткіш

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «14 Қараша 2012»
Көру саны: 3689

Абай Құнанбаевқа ескерткіш (желтоқсан, 2008, Қарағанды қаласы, "Шалқыма" концерттік гүл бағы)

Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақ халқының Ұлы ақыны, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Абай Құнанбаев ескерткіші Қазақстан суретшілер одағының Қарағанды облыстық көркем-өндірстік комбинатында құйылған.

Автор: мүсінші А. Нартов, суретші Е. Шахиев.

Материал: қола, гранит.

Ескерткіштің жалпы биіктігі – 9,9 м.

  • Өндірісі өрлеген,рухы төрлеген өңір // Орталық Қазақстан.- 2008 - 10 желтоқсан
  • "Пусть будут мир, согласие и дружба" // Индустриальная Караганда. – 2008 -10 декабря

Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «15 Қараша 2012»
Көру саны: 3718

Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш (1 қазан 2011 жыл, Қарағанды қаласы вокзал жанындағы алаң)

Қ. И. Сәтпаев (1899-1964), көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым, ұйымдастырушы. Қазақстан Ғылым академиясының бірінші Президенті. Қарағанды облысында Сәтпаев атындағы қала бар және еліміздің көптеген қалаларында ғылыми мекемелер, көшелер мен мектептер және құрылысын өзі қолдаған Ертіс-Қарағанды каналы оның атымен аталады. Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясында жаратылыстану ғылымы бойынша Қ. И. Сәтпаев атындағы премья тағайындалған. Сәтпаев деп аталатын әдемі минералдың бар екені ғалымдарға мәлім. Ғарышта күнді айналып жүретін кіші планета да өз атын Сәтбаевтың құрметіне алған.

Сәтбаев бейнесі бір сәт тоқтап, белгіленген мақсатты көруге ұмтылған түрде мәнерлі бейнеленген. Ғалымның қолындағы карта жаңа кен орнын тауып нұрланған кезін айқындайды. Тұлғаның ұлылығын сәл шалқайған басындағы дала желімен толқыған шашы айқындай түседі.

Авторлар: мүсінші  Д. Досмағамбетов және О. Прокопьев.

Материал: қола, қызыл гранит.

Композицияның жалпы биіктігі 14 метр, оның ішінде қоладан құйылған ескерткіштің өз биіктігі – 5,4 метр.

Дереккөз:

  • Балташұлы Е.  Алаш академиясының атасы Арқа төріне орнықты: тәуелсіздік тартулары  // Орталық Қазақстан. - 2011. - 22 қазан (№ 174/175). - 1 б.
  • Мягких О. Ученый, мыслитель, современник: Открытие памятника // Индустриальная Караганда.- 2011- 22 октября
  • www.karaganda-region.kz

 

Евней Бөкетовке арналған ескерткіш

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «16 Қараша 2012»
Көру саны: 2763

Евней Бөкетовке арналған ескерткіш (12 желтоқсан. 2006 жыл.  Е. Бөкетов атындағы ҚарМУдың бас корпус алаңы)

Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925-1983) атақты ғалым, химия және халькоген технологиясының ғылыми негізін қалаушы, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің бірінші ректоры, академик КСРО  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ғылымның 80  жылдығына байланысты ескерткіш қою туралы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шешімі қабылданған. Ескерткіштер мен монументтер туралы мемлекеттік комиссияның ұсынысы болған. Академиктің биік тұғырға тұрғызылған еңселі бейнесі әріптестері мен достарының есінде сақталған қалпында берілген. Өткен өмірді саралап болашаққа барлай қарап тұр. Қолымен кафедраға сүйеніп тұр. Сол қолында - кітап оның жазушылық еңбегін паш етіп тұрғандай.

Авторлар: мүсінші А. П. Билык, сәулетші С. Мордвинцев.

Материал: қола, қызыл гранит.

Дереккөз:

  • Алпысұлы С.  Академик Е.А. Бөкетовке ескерткіш орнатылды: [Е.А. Бөкетов ескерткішінің ашылу салтанаты]  // Орталық Қазақстан. - 2006. - 14 желтоқсан. - 4  б.
  • Көбеев Е.  Жоғары білімнің қарашаңырағы: бүгін Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Евней Бөкетовтың ескерткіші ашылды  // Орталық Қазақстан. - 2006. - 12 желтоқсан. - 6, 10  б.
  • Ни Н. Он был великим человеком:об открытии памятника // Индустриальная Караганда.- 2006- 14 декабря
  • Караганда. Карагандинская область:Энциклопедия.-Алматы, 2008-с.183
  • Иванина Н.И. Художник Билык / /Билык А.Жизнь в искусстве: Творческо-биографический альбом.-Караганда, 2009. - с.65-76
  1. Қасым Аманжоловқа ескерткіш

3 бет, 4 беттен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Бізбен байланысу

+7 (7212) 56‒74‒64 оқырмандарды тіркеу секторы
+7 (7212) 56‒76‒55 қабылдау бөлмесі
+7 (7212) 56‒53‒04 абонемент
+7 (7212) 21‒57‒73 халықаралық әдебиеттері бөлімі
+7 (7212) 77‒27‒76 көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. қабылдау бөлмесі
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. абонемент
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Оқырмандарға арналған ақпарат

  • Бізді қалай табуға болады
  • Кітапхананың жұмыс тәртібі
  • Кітапханаға қалай жазылуға болады
  • Кітапхананы пайдалану ережесі

Біздің мекен-жайымыз

M01P0M3, Қазақстан, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 үй

© 1999–2025 Қарағанды ОӘҒК