Page 37 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 37
Шалқар Ж. Сандық жүйенің сансыз мүмкіндігі: "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік
бағдарламасы аясында Н.Гоголь атындағы облыстық əмбебап-ғылыми кітапханасында оң
өзгерістер бастау алуда // Орталық Қазақстан. - 2019. - 6 тамыз (№ 85). - 1,3 б.
Шалқар Ж. Сыршыл ақынның сиқырлы кеші // Орталық Қазақстан. - 2021. - 17 сəуір (№
41). - 8 б.
Шалқар Ж. Тарихи кітаптың тұсауы кесілді // Орталық Қазақстан. – 2021. – 12 маусым
(№63). – 8 б.
Шалқар Ж. Толқыннан толқын туады // Орталық Қазақстан. - 2022. - 19 қараша (№ 129).
- 8 б.
Шалқар Ж. Ұлы ұстаз ұлықталды // Орталық Қазақстан. - 2021. - 26 қазан (№ 119). - 2 б.
Шалқар Ж. Ұлылардың жолын жалғаушы // Орталық Қазақстан. - 2022. - 24 қыркүйек
(№ 106). - 7 б.
Шалқар Ж. Эссе өзегі - ерлік // Орталық Қазақстан. - 2022. - 26 мамыр (№ 56). - 8 б.
Ілияшева С. Рух шырақшыларына құрмет // Орталық Қазақстан. - 2021. - 20 мамыр (№
52). - 2 б.
12 сəуір 1899 – 30 қаңтар 1964 - Ғалым-геолог,
қоғам қайраткері, геолого-минералогия
ғылымының докторы, СССР ҒА академигі,
Қазақ ССР ҒА ұйымдастырушы жəне тұңғыш
президенті Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың
туғанына 125 жыл
Сəтбаев Қаныш Имантайұлы – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін
қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын
ұйымдастырушылардың бірі əрі тұңғыш президенті, КСРО жəне Қазақстан Ғылым
академияларының академигі, Тəжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам
қайраткері, КСРО Мемлекеттік жəне Лениндік сыйлықтарының лауреаты.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан
болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында,
Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер
семинариясында Ж. Аймауытов, М. Əуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған.
Ш. Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған.
«Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-əрекетіне қолдау білдірген.
1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология
бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың
бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ
бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым
академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан
Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы əміршілдік жүйенің тарапынан
қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры
болып тағайындалған. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып
қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.
1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына
Ұлыбританияның экс премьер-министрі У. Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз
сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ. Сəтбаев «О, жоқ,
Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап
беріпті. Осы бірауыз сөзден ғалымның дене бітімі ғана емес, жан-дүниесінің, халқын сүйген
жүрегінің де ірі екенін байқауға болады.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кен тасты кендер геологиясы мен Қазақстанның
минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу жəне Орталық Қазақстанның
(Сарыарқаның) металлогендік жəне болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол
ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік əдісін енгізген. 1926-1929
жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кен тасты аудан