Page 32 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 32

əңгімелер, шеберлік сыныптары ,виртуалды көрмелер, клуб отырыстары, дөңгелек үстелдер,
            тұсаукесерлер, онлайн-конкурстар, челлендждер, акциялар мен флешмобтар өткізілді.
                  Пандемияға  қарамастан  2020  жылы  Жеңістің  75  жылдығына  орай  «Жеңістің  өшпес
            шырағы» облыстық онлайн-байқауы жəне «Жеңістің 75 жылдығына арналған кітапханалар:
            онлайн форматтағы жаңа оқу» халықаралық онлайн-семинар ұйымдастырылды.
                  2021  жылы  Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің  30  жылдығына  орай  кітапхана
            «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!» жастар арасында поэтикалық баттл ұйымдастырды.
                  2022  жылғы  маңызды  оқиғалардың  бірі  көрнекті  этнограф,  өнертанушы,  əдебиетші,
            журналист  Ақселеу  Сейдімбектің  туғанына  80  жыл  толуы  болды.  Н.В.  Гоголь  атындағы
            ОƏҒК жыл бойы «Арқа даласы - Ақселеу əлемінде» атты əдеби-өлкетану марафонын өткізді.
            Кітапханашылар  арасында  «Мен  оқыдым,  Сізге  де  оқуға  кеңес  беремін»  облыстық
            буктрейлер байқауы ұйымдастырылды. Кеңес Одағының Батыры М. Мəметова мен «Халық
            қаһарманы»  Х.  Доспанованың  100  жылдығына  орай  Қарағанды  облысының  мəдениет,
            архивтер жəне құжаттама басқармасының қолдауымен «Қазақтың батыр қыздары» атты эссе
            байқауы өтті.
                  2022  жылы  кітапхана  алғаш  рет  «Объективте  –  Қарағанды»  атты  жастар
            Библиофотокроссын ұйымдастырды.
                  Облыстық кітапхана өңірлік кітапхана саясатын қалыптастыруда жетекші рөл атқаруда.
            Соңғы  жылдары  «Үздік  аудандық  кітапхана» (2018),  «Үздік  қалалық  кітапхана» (2019)
            облыстық байқаулары ұйымдастырылды.
                  Кітапхана  қызметкерлері  тиімді  жұмыс  істеуге,  кітапхана  ортасындағы  өзгерістерге,
            кəсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіруге, кітапхана жұмысының тəжірибесін ұсынуға дайын.
                  Кітапхана  қызметкерлері  барлық  Республикалық  конференцияларға  қатысады.
            Кітапхана  қызметкерлері  «Қырым  Халықаралық  конференцияларына  қатысты  -1998, 2005,
            2006, 2007, 2008, 2010, 2013, 2015», «Мəскеу-LIBCOM - 2005», «Ыстықкөл-2003, 2007, 2011»,
            ИФЛА  бас  конференциясында  Қытай,  Пекин  (1996),  Германия,  Берлин  (2003),  Оңтүстік
            Корея  Республикасы,  Сеул  (2006),  Италия,  Милан  (2009),  Франция,  Лион  (2014),  Польша,
            Вроцлав  (2017);  «Ғылым  мен  білімге  арналған  электрондық  ақпараттық  ресурстар»
            халықаралық  семинары  Түркия  (2004),  Тунис,  (2007).  «Француз  оқу  залы»  бағдарламасы
            бойынша 3 кітапхана қызметкері Франция кітапханаларында тағылымдамадан өтті (Марсель
            қ.,  2005;  гЛион,  2004,  Париж,  2002).  АҚШ  Мемлекеттік  департаментінің  бағдарламасы
            бойынша  4  кітапхана  қызметкері  АҚШ  тың  ірі  кітапханаларына  барды  (2000,  2006,  2012,
            2019), Австрия (2017), Непал (2019).
                  Кітапхана  қызметкерлері  мемлекеттік  наградалармен,  ведомстволық  төсбелгілермен,
            мəдениет  Министрлігінің  жəне  Қарағанды  облысы  əкімінің  Құрмет  грамоталарымен
            марапатталды. Кітапхананың 4 қызметкері Қарағанды облысы əкімінің сыйлығына ие болды.
            «Рухани  қазына  –  2018»  республикалық  байқауының  қорытындысы  бойынша  «Облыстық
            маңызы  бар  үздік  кітапхана  қызметкері»  номинациясы  бойынша  кітапхана  қызметкері
            Қайрат Рахим жеңімпаз атанды.
                  Кітапхананың  үш  қызметкері  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  наградасы  -
            «Ерен  еңбегі  үшін»  медалімен  Баймурзина  Ш.С.,  2001,  Ж.К.  Шаймұханбетова,  2006,  ал
            Қазақстан  Республикасының  Құрмет  грамотасымен  -  Д.Б  Аманжолова  2022  жылы
            марапатталды.
                  Кітапхана    басшылары:      Кривцова     Полина     Петровна    (кітапхананың     бірінші
            меңгерушісі),  Мария  Михайловна  Шишкина,  Кечекмадзе  Тина  Ивановна,  Князева  Юлия
            Степановна,  Безродная  Ядвига  Александровна,  Шаймұханбетова  Жанна  Кəкібайқызы,
            Аманжолова Дина Базарбайқызы.
                  https://www.karlib.kz
                                                      Әдебиеттер:
                  Кітапханалар  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  Абдулин.  -
            Алматы: Атамұра, 2006.- 311 б.
                  Қарағандыдағы алғашқы кітапхана: тарих беттерінен. 1934-2009 = Первая библиотека
            Караганды: страницы истории.1934-2009: жинақ Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы
            ғылыми  əмбебап  кітапханасының  75  жылдық  тарихына  арналған  /  Қарағанды  облысының
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37