Page 6 - M_Mametova_kz
P. 6
Мәншүк Мәметова есіміне берілген мұражайы мен
көше атаулары,ескерткіштері
Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың
Мемориалдық мұражай үйі 1982 жылы ашылды.
Батырдың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған.
Мәншүк Мәметова тиесілі жәдігерлерді Орал мен
Ақтөбе қаласындағы мұражайларынан көруге болады.
Орал қаласындағы мұражайы, мекен-жайы: Сарайшық
көшесі, 51 үй. Жалпы ауданы: 144 шаршы метр,
экспозициялық залы: 5, экспонат саны: 10200-ден
асады.
2016 жылы Невельде қазба жұмыстары
кезінде Мәншүк Мәметованың оқ атқан «Максим»
маркалы пулеметінің қанқасы мен бөшкесін тапқан.
Бұл жәдігер қазіргі таңда Орал қаласының
мұражайында сақтаулы.
Пулеметтың маркасы: «Максим»;
Жасалған уақыты: 1883-1945 жылдар
аралығы;
Жылдамдығы: минутына 600 оқ;
Түтігінің ұзындығы: 721 мм;
Шығарушы ел: Ұлыбритания.
Мәншүк Мәметованың қамшысы.
Жасалған уақыты: 1934 ж.
Ұзындығы: 50 см.
Материалы: қайыс, ағаш, металл (қайыс өрімді
тобылғы сапты)
Техникасы: қол өнер туындысы
Ерекшелігі: қамшысының ағашында «Маншук
М. 1934» жыл деп жазылған.
КСРО-дағы ержүрек қазақ әйелінің ерлігін
еске алу мақсатында 10-нан астам ескерткіш
орнатылды:
Мәншүк Мәметова атындағы Невельдегі
ескерткіш;
Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова
атына берілген Алматыдағы ескерткіш;
Оралдағы қазақ халқының даңқты қызының
монументі;
Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайы. Үкімет
қаулысына сәйкес әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың
100 жылдығына орай қазақтың батыр қызының есімі ресми түрде берілді.
6