Page 5 - M_Mametova_kz
P. 5
орындағаны, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға «Кеңес Одағының
Батыры» атағы берілді.
Мәншүк Мәметова туралы жазған ақындардың пікірлері
Қазақстанның халық жазушысы, Мәншүктің майдандасы - Әзілхан
Нұршайықов майданға аттанар сәтін былай еске алады:
«Біздің санымыз 100-бригада қатарында І Алматы станциясынан
аттанарда 4889 болды, ал Жоғарғы Қолбасшы И.Сталиннің жеке өкімімен
эшолон аттанарда қатарымызға Мәншүк қосылып, санымыз 4890 адам
болды». Араларында екі қазақ қызы дәрігер Мариям Сырлыбаева және
Мәншүк Мәметова. Майданға шығарып салушылардың арасында ұлы ақын
Жамбыл да бар еді. Отан қорғауға бара жатқандарға: «Батырларым,
Сіздерді, ерліктерің үшін құрметтесін» деген жалынды тілегін білдірді.
Мәншүктің қасынан табылып, демеу болған замандас досы, танымал
жазушы Ілияс Есенберлин былай еске алады:
«Біз екі жігіт, Мәншүктің жақын достары, барлық қиыншылық,
ауыртпалықты көрдік, тірідей жетім Мәншүкті барынша жұбатып,
демедік. Ол әкесі Ахметтің ұсталып кеткеніне қатты қайғырды, ешқандай
тағат таппады, әкесімен кездесуге сұранды, инстанция бойынша да жазды,
яғни әкесі Ахмет Мәметовтың кінәлі емес екендігін дәлелдеу үшін. Бірақ
өкінішке қарай, мұның бәрі бос әурешілік болды. Бір кешкі уақытта біз оның
байлығы: шереден жасалған сандықша толы жеке заттарын алып үйінен
жатақханаға көшірістік. Жұмыстан бос кезімізде Мәншүктің жанында
болуға тырыстық».
Мәншүктің майдандас досы Александра Прокепенко танысқан
уақытын былай еске алады:
«...Біздер, орыс қыздар Мәншүкті Маша деп атасақ, ол сол арада
жігерлі үнмен, мен қазақ қызымын, Мария-Маша, яғни Мәншүкпін, дәл
осылай атаңыздар деп нақпа-нақ жауап берді. Ол туралы басқа таныстары
да «Қарайгөр, нағыз характерлі қыз» деген ой түйді».
«15 қазанда Мәншүк қаза тапты. Бұл қаралы хабарды сол қырғын ұрыс
болған күннің түнінде естіп қабырғамыз қайысты. «Мәншүк өлді» деген
хабарды естігенде қалған солдаттар тегіс жыладық. Мәншүк ортамызда
жалғыз гүліміз еді, анамызды да, апамызды да, қарындасымызды да, сүйген
жарымызды да біз сол арқылы көзімізге елестетуші едік...» Әзілхан
Нұршайықов.
5