Page 4 - M_Mametova_kz
P. 4

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызының өмірбаяны
                                                          (1922-1942)

                         Мәншүк  Мәметова  1922  жылы  Орал  облысы  Орда  ауданы  Жасқұс
                  ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Мәнсия. Бес жасынан
                  бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап
                  алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп
                  «Моншағым» деп атады. Өзінің атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап
                  берген. Солай  аты Мәншүк болып  қала  берді. 1937  жылғы  қуғын-сүргініне
                  Мәметовтар әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры
                  Ахмет  Мәметов  қамауға  алынды.  Ол  кісінің  әйеліне  айтқан  соңғы  сөзі
                  «Менің  Мәншүгімді  ренжітпе,  аман  сақта».  Кейіннен  Ахмет  Мәметовті
                  ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» деп аталды. Есейген
                  Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп
                  санады. Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтынаоқуға түсті.

                                              Мәншүктің ерлігі мен естелігі

                                      «… Егер қаза болсам, Отан үшін, әкем үшін және Сіз үшін!»
                                                                                                М.Мәметова

                         1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 19 жаста болатын.
                  Мәншүктің  қыр  гүліндей  құлпырып,  бой  түзеген  шағы  еді,  алайда
                  жастайынан  халық  жауының  ұрпағы  атанып,  кейін  соғысқа  аттанған
                  қаршадай  қыз  әйел  затының  әлеміне  еніпте  үлгермеген.  Ол  соғысқа  бару,
                  Отанын  қорғау  туралы  шешім  қабылдады.  Өтінішінде:  «Фашистерді  жою

                  үшін майданға жіберетін менің ағайым да,апайым да жоқ, сондықтан өзімді
                  жіберіңіз»,-деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші
                  тамызы.  Бір  жыл  бойы  Мәншүк  әскери  комиссариаттан  өзін  әсерге  жіберу
                  туралы өтінді.
                         Қазақтың  батыр  қызы  аға  сержант  Мәншүк  Мәметова  1942  жылдың
                  10-шы  тамызынан  1943  жылдың  15  қазанына  дейін  427  күн  «Максим»
                  маркалы  пулеметымен  жау  әскеріне  ойсырата  соққы  берді.  Ол  21-ші
                  гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие
                  болды және оны дивизия жауынгерлері мақтан тұтты. Әскердің қиындығын
                  Мәншүк  ерлермен  қатар  көрді.  Қаршадай  қыздың  ерлігімен  бірге  зілдей
                  темірді арқалап, жаумен арпалысқан ерлігі тұтас дүниені дүмпіген жаңалық
                  болды.  Аға  сержант,  пулеметші  Мәншүк  ұрыстарда  өзінің  мергендігімен
                  және  тобында  батылдығымен  көзге  түсті.  Невель  қаласы  үшін  болған
                  кескілескен  шешуші  ұрыста  Мәншүк  ақтық  демі  біткенше  пулеметтен  оқ
                  боратып, қаһармандықпен, ерлікпен қаза тапты.
                         Кеңес  Социалистік  Республикалар  Одағы  Жоғарғы  Кеңесінің
                  Жарлығымен  1944  жылдың  1-ші  наурызында  неміс  басқыншыларымен
                  соғысу  майданындағы  қолбасшының  әскери  тапсырмаларын  бұлжытпай


                                                                                                              4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9