Page 31 - kzd
P. 31

Әдебиеттер:
                  Коркин  Александр  Гаврилович  //  Қарағанды  облысының  басшылары  (1936  -  2011)  =
            Руководители  Карагандинской  области:  биографиялық  анықтамалық  /  Қарағанды  облысының
            мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты; құраст.
            У. А. Амантаев [т. б.]. - Қарағанды: Экожан, 2011. - 370 б.
                  Коркин Александр  Гаврилович (1927) //  Қарағанды. Қарағанды облысы:  энциклопедия /
            ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 298 б.

                                                            ***
                  Александр Гаврилович Коркин // Орталық Қазақстан. - 2011. - 18 тамыз (№ 135). - 5 б.
                  Сембай М. Сабырлы Сайлау, көрегенді Коркин // Орталық Қазақстан. - 2012. - 21 тамыз
            (№ 141). - 2 б., Егемен Қазақстан. - 2012. - 5 қыркүйек (№ 582/587). - 3 б.

                                                               11    сәуір    1937     Балқаш      қаласының
                                                               құрылғанына 85 жыл

                  Балқаш  көлінің  жағасындағы  ең  ірі  қалалардың  бірі  –  Балқаш  қаласы.  Қала  Қарағанды
            қаласынан  380  км  қашықтықта  орналасқан.  Қала  1937  жылы  Прибалхашстрой  кентінің
            базасында құрылды. 1931 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кен
            орны  мен  Қарағанды  көмірінің  негізінде  жұмыс  істейтін  ірі  мыс  қорыту  зауытының
            құрылысына байланысты салына бастады.
                  Балқаш  еліміздегі  түсті  металлургияның  ең  маңызды  орталығы.  Мұнда  құрамында  мыс
            және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын
            химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше
            шет  елдерге  шығарылады.  1928  жылы  Балқаш  қаласынан  12  шақырым  жерден  ашылған
            Қоңырат, одан кейінгі жылдары табылған Саяқ пен Шатыркөл секілді кен орындары әлі күнге
            дейін  комбинаттың  негізгі  шикізат  базасы  болып  табылады.  1976  жылы  КСРО  Министрлер
            Кеңесінің  шешімімен  ерекше  архитектуралық  құрылысы  мен  үлгілі  құрылымы  үшін
            мемлекеттік сыйлығы табыс етілді.  Сонымен қатар қала, мыс алыбы – құрылысшылар қолымен
            жасалған  еңбек.  Балқаш  қаласы  Қазақстандағы  жас  қалалардың  бірі  Балқаш  қаласы
            балықшыларының да қосқан үлесі аз емес. 1930 жылы көлде балық аулау өнеркәсібі басталды,
            сол  үшін  арнайы  17  балық  аулайтын  артель    құрылған  болатын.  1943  жылы  балық
            консервасының бірінші партиясы шығарылды.
                  1952 жылы қаланың жаңа жобасын жасады. Ол бойынша Металлургтер мәдениет сарайы,
            Қазбекова  -  Бейбітшілік,  Бөкейханов  көшелерін  бойлай  көпқабатты  үйлер  бой  түзеді.  60-
            жылдарың аяғында барактар жойылып, орнын темір бетонды тар бөлмелі үйлер басты, мөлтек
            аудандар салынды. Соңғы құрылыстағы жаңалық «Мобиль» үлгісіндегі биік үйлер.
                  1966 жылы Балқаш кен-металлургия комбинаты Ленин орденімен марапатталды.
                  1967  жылы  Лондондық  Халықаралық  Көрмесінде  балқаштық  мыс  халықаралық  мыс
            эталоны болып танылды.
                  1987 жылы сәуірде Балқаш еңбеккерлерінің экономикалық-мәдени жетістіктері мен Ұлы
            Отан  соғысы  жылдарындағы  неміс  басқыншыларына  қарсы  күрестегі  ерен  еңбегі  үшін
            Халықтар достығы орденімен марапатталды.
                  Балқаш  кен-металлургиялық  комбинаты  «Самсунг»  оңтүстік-корей  фирмасының
            басқаруындағы 2003 жылдан «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің қарамағына енді.
                  Бүгінде комбинатта заманауи жаңа технология, автогенді мыс балқыту игерілді. Мұндай
            зауыт дүние жүзінде бес мемлекетте ғана бар.
                  Қазіргі уақытта бұл қала Қазақстандағы түсті металлургияның маңызды орталықтарының
            бірі  болып  табылады.  Мұнда  өндірістік  база,  білім  беру  жүйесі,  мәдениет,  сауда,  тамақтану
            салалары дамып келеді.
                     Балқашта қалалық «Балқаш өңірі», «Северное Прибалхашье»газеттері шығарылады.

                                                             31
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36