Page 6 - dajzhest
P. 6
Әлеуметтік желі парақшаларындағы жаңа кітап көрмелері, виртуалды
көрмелер, қызықты іс-шаралардың есебі, белгілі тұлғалармен болған тікелей
эфирлер осының барлығы облыс кітапханаларының қазіргі таңда интернет
ресурстарын тиімді пайдаланып, әлеуметтік желілердің барлығында белсенді
жұмыстар атқаруы арқылы жүзеге асып келеді.
Ал, әлеуметтік желіде парақшаларының үнемі жаңа ақпараттармен
толықтырылып, жарияланған контенттерінің өзектілімен ерекшеленген мына
кітапханалардың әлеуметтік желідегі парақшаларын атауға болады:
Абай қаласының орталық аудандық кітапханасы [Электронды ресурс] //
Instagram: [әлеуметтік желі]. - URL : https://www.instagram.com/library.abai/
Жезқазған қаласының орталық кітапханалар жүйесінің №2 үлгілі
кітапхана-филиалы [Электронды ресурс] // Instagram: [әлеуметтік желі].
- URL : https://www.instagram.com/kitaphana_zhez/
Бұқар жырау орталық кітапханалар жүйесінің Қарақұдық ауылдық
кітапханасы [Электронды ресурс] // Instagram: [әлеуметтік желі]. - URL :
https://www.facebook.com/karakuduk.bibl
Шет ауданы орталық кітапханалар жүйесі [Электронды ресурс] //
Instagram: [әлеуметтік желі]. - URL : https://www.instagram.com/shet.library/
Қорытындылай келе, облыс кітапханаларының әлеуметтік желідегі
жұмысы бүгінгі күнге дейін кітапханалық сервисті дамытуда (кітап оқу,
танымдық іс-шаралар, тікелей эфирлер, кітапхананың кәсіби жұмыстары т.б.)
тиімді жүзеге асты. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер пайдаланушыларға
кітапханамен байланысуда, олардың қажеттіліктерін анықтауда, кері
байланысты қамтамасыз етуде, әріптестермен тәжірибе алмасуда көптеген
мүмкіндіктер туғызды. Себебі, аудиторияның қажеттілігін қамтамасыз ету
кітапхана үшін маңызды.
Ұсынылып отырған интернет ресурстар дайджесінде облыс
кітапханаларының әлеуметтік желідегі (Youtube, Instagram, Facebook т.б.)
жұмыстарының қысқаша шолуы баяндалған.