Page 5 - dajzhest
P. 5

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ КІТАПТЫ НАСИХАТТАУДЫҢ

                                    ҚЫЗЫҚТЫ ӘРІ КРЕАТИВТІ БАҒЫТТАРЫ
                         Жалпы әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынас жасау ең қолайлы тәсіл.
                  Яғни, инстаграм желісіндегі кітапхананың ресми парақшасының белсенді әрі
                  креативті болуы  инстаграм  пайдаланушыларының кітапқа  және  кітапханаға
                  деген  қызығушылығын  оятуы  мүмкін.  Яғни,  қазіргі  ақпарат  заманында,
                  интернет  ресурстарына  тәуелді  болған  ортада  бұл  -  кітапхана  үшін  тиімді
                  бағыттардың  бірі.  Instagram  парақшасына  кітапхана  қорында  бар  кітаптар

                  туралы ақпарат салу, кітапты креативті ұсына алу оқырманның кітапқа деген
                  қызығушылығын  арттырады.  Қазіргі  таңда  инстаграм  желісінде  түрлі  кітап
                  дүкендері  кітапты  креативті  жарнамалау  бағытында  белсенді  жұмыс
                  жасайды.  Сол  себепті  инстаграм  пайдаланушыларының  кітапты  дүкеннен
                  сатып алуы басымырақ болуда.
                         Ал,  облыс  кітапханаларының  арасында  осы  бағытты  яғни,  инстаграм
                  желісінде  кітапты  креативті  жарнамалау,  мазмұның  қызықты  баяндаумен
                  Балқаш  қ.  ОКЖ  белсенділік  танытып,  өз  оқырмандарына  кітапханаға  келіп
                  кітап оқудың, кітап алудың ерекше жолдардын көрсетуде.

                  Балқаш қаласының орталық кітапханалар жүйесі [Электронды ресурс]
                  //        Instagram:           [әлеуметтік            желі].          -        URL           :

                  https://www.instagram.com/balqashokj/

                         Сондай-ақ, Сәтбаев қ. ОКЖ және Шахтинск қ. №8 кітапхана-филиалы
                  кітапхана  қорындағы  кітаптар  жайлы,  олардың  мазмұны  туралы  қызықты
                  баяндап,  өздерінің  instagram  желісінде  тұрақты  түрде  оқырмандарға  кітап

                  жайлы танымды ақпарат беруде.

                  Сәтбаев қаласының орталық кітапханалар жүйесі [Электронды ресурс]
                  //        Instagram:           [әлеуметтік            желі].          -        URL           :
                  https://www.instagram.com/biblioteka_satpaev/



                  Шахтинск  қаласының  орталық  кітапханалар  жүйесі  №8  кітапхана-
                  филиалы  [Электронды  ресурс]  //  Instagram:  [әлеуметтік  желі].  -  URL  :
                  https://www.instagram.com/kitaphana_shahan/



                            ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

                         Әлеуметтік  желілерді  қолдану  кері  байланыс  алудың  құралы,
                  пайдаланушыларға  ақпарат  жеткізудің,  пікір  алмасудың  шығармашылық
                  алаңы ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер көптеген
                  кітапханашыларға,  виртуалды  әлемде  бір-бірімен  жиі  тәжірибе  алмасып,
                  кәсіби дамуда да өз көмегін көрсетеді.
   1   2   3   4   5   6   7