Page 4 - dajzhest
P. 4
ОБЛЫС КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ПАЙДАЛАНУЫ
Қазіргі таңда виртуалды қызметтер саласындағы жұмыстар қарқынды
даму үстінде. Облыс кітапханаларының оқырмандары үшін көптеген
кітапхана қызметтері қол жетімді, атап айтсақ: кітапханалардың ресми
сайттары, кітапханалық блогтар және әлеуметтік желі парақшалары.
Осы аталған виртуалды қызметтердің ішінде облыс кітапханалары
әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін белсенді игеруде. Кітапханашылар
әлеуметтік желіде өз кітапханаларының ресми парақшаларын қарқынды
жүргізіп, оқырмандармен жұмыс жасаудың онлайн форматында да қарым
қатынасын үзбей, қызмет көрсетуде.
Облыс кітапханаларының әлеуметтік желідегі мультимедиялық
мазмұнды тиімді пайдалануы бұл – түрлі танымдық бейнероликтер арқылы
оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапхана жұмысын бейнероликтер арқылы
youtube желісінде және т.б. әлеуметтік желілерде қарқынды дамыту. Осы
бағыт бойынша Шахтинск қаласының ОКЖ youtube желісінде түрлі
бағыттағы іс-шараларға, ұлы тұлғаларға арналған танымдық бейнероликтер
және шеберлік сағаттары ұсынылған.
Шахтинск орталық кітапханалар жүйесі [Электронды ресурс] // Youtube:
[әлеуметтік желі]. - URL :
https://www.youtube.com/channel/UCBzQylyKLMvo4cuy4i2FNqw
Сондай-ақ, Қарағанды қ., Сәтбаев қ. және Теміртау қалаларының youtube
желісінде көптеген танымды ақпараттар, атаулы күндерге арналған
виртуалды көрмелер, шеберлік сағаттар және өлкетануға бағытталған іс-
шаралардың бейнероликтері тұрақты түрде жарияланып тұрады. Сонымен
қатар, кітапханада белгілі тұлғалармен өткен кездесулердің бейнесюжеттері
де бар.
М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана [Электронды ресурс] //
Youtube: [әлеуметтік желі]. - URL :
https://www.youtube.com/channel/UCPkdy-5NIgyhi4F02VGucmA/videos
Сәтбаев қаласының орталық кітапханалар жүйесі [Электронды ресурс]
// Youtube: [әлеуметтік желі]. - URL :
https://www.youtube.com/channel/UCOb0c0r5PA4NTyDRg64SPTA/videos
Теміртау қаласының орталық кітапханалар жүйесі [Электронды ресурс]
// Youtube: [әлеуметтік желі]. - URL :
https://www.youtube.com/channel/UCzZJVi2MYSw7NUkF3LnzywA/videos