Page 6 - 100_Kemel_kz
P. 6

Ол  кейін  Орталық  Партия  комитетіне  кетті.   Маған  көп  қамқорлық
            жасады.  Шақырып алатын, қиын жағдай болып жатқан жоқ па? - деп сұрайтын.
             «Сен  ұялма,  айт  маған»  деп,  қамқорлық  жасайтын.   Бір  кісінің  артынан
            жамандаған емес» – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әкім ТАРАЗИ.
                  Кемел  Тоқаевтың   «Сарғабанда  болған  оқиға»,  «Түндегі  жаңғырық»
            деген  повестері,  әңгімелері  -  шын  мағынасында  детектив  жанрындағы
            шедеврлер. Неге?  Өйткені бұл шығармаларда, әрине,  Кемел Тоқаевтан кейін
            де  осы  салаға  ат  ізін  салған,  осы  салада  өзінің  бағын  сынаған  жазушылар
            болды.  Бірақ  олардың  көбісінің  шығармалары  көркемдік  деңгейге,  көркемдік
            проза  деңгейіне  жете  алмай  қалды.  Сондықтан  Кемел  Тоқаевті  детектив
            жанрының  дарабозы  деп  айтуға  болады  -  деді  жазушы,  әдебиет  сыншысы
            Амангелді Кеңшілікұлы.
                  Кемел  Тоқаев  –  өзіндік  ерекшелігі  бар  дара  тұлға,  үлкен  талант  иесі.
            Туындыларын жан жүрегімен жазған. Сондықтан да халқы оны сүйіп оқиды.

                                                    Марапаттары

                       Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен (1985, 1945)
                       Екі мәрте «За отвагу» және «За оборону Сталинграда» медальдарымен
                        (1943)
                         Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы;
                         КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасы;
                         КСРО Ішкі істер министрлігінің төсбелгісі;
                       Қазақстан Жазушылар Одағы мен КСРО Ішкі Істер Министрлігі
                        жариялаған алғашқы әдеби байқаудың төрт дүркін жеңімпазы (1956,
                        1972, 1977, 1980)

                  Қаламгер шығармашылығы жайлы әріптестерінің ой -пайымдары

            «Кемел  Тоқаевтың  кітаптары  –  көркем  әдебиетте  деректі  қалай  пайдалануға
            болатының жарқын үлгісі»
                                                                                       Қалмұқан Исабаев

            «Кемел  Тоқаев  –  қазақ  жазушыларының  ішіндегі  оқырман  ең  көп
            қаламгерлердің бірі болды. Өзі таңдап алып, негізін қалаған детективтік жанрда
            алдына жан салған жоқ»
                                                                                   Әзілхан Нұршайықов

            «Кемел  Тоқаевтың  ұлағатты  ісі  –  осы  жанрдың  жүгін  қайыспай  жалғыз
            көтергені. Егер ол кісі болмаса, детектив жанры өгейсіп қалар ма еді, бәлкім.
            Соншалық ауыртпалығына қарамастан ол есімді тұлға сол жүкті тұтас көтеріп,
            биікке өрледі».
                                                                                         Сейфолла Оспан
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11