Page 5 - 100_Kemel_kz
P. 5
Әдетте Кемел Тоқаев қаһармандарының адамгершілігі биік, табиғатынан
зиялы, мінездері тұрақты, халқына адал, кең жүректі жандар. Мысалы,
«Сарғабанда болған оқиға» повесінде полковник М. Дайыров, милиция
бөлімінің бастығы майор Ә. Ділдәбеков, капитан Т. Майлыбаев, т.б құқық
қорғаушы милиция басшыларының адалдық пен әділдікті жақтауын,
батылдығы мен тапқырлығын жан-жақты ашқан. Кемел Тоқаев
шығармаларының басты ерекшелігі – жаңа типтегі адамды, оның озық
адамгершілігін, жан жарқылын, парасатын, идеялық байлығын бар
шындығымен көрсете білуінде. Оқырмандарына өміршең кейіпкерді, өшпес
қаһарман, жағымды бейнелерді шынайы көрсетті.
Кемел Тоқаев - қазақ детективінің негізін қалаушы. Жазушының «Түнде
атылған оқ», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» сияқты
шығармалары оны бұл жанрды биік көркемдік деңгейге жеткізген дара автор
ретінде танытты.
Қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болмаған детектив жанрының
негізін қалап, оны жоғары дәрежеде оқырмандарының сезім пернелеріне
жеткізе білген жазушының таланты өз заманында - ақ еліміздің кеңістігінен
асып, әлем жұртшылығын да мойындатқаны шындық.
Сонымен қатар Кемел Тоқаевтың басты кейіпкерлерінің бірі — Қасым
Қайсенов. Жазушының «Арнаулы тапсырма» деп аталатын шығармасы әйгілі
партизан, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Қасым
Қайсенов туралы.
«Маған үйір боп, табандылық танытып, мен туралы қазақша, орысша кітап
жазған Кемел Тоқаевтың еңбегін жоғары бағалаймын, - деген Қасым Қайсенов
баспасөзге берген сұхбатында». Осы кітапты жазу үшін Кемел Тоқаев Қасым
Қайсеновпен бірге Украинаға барып, оның партизан достарымен кездескен
екен.
Ал «Әке туралы толғаныс» кітабында жазушы өзінің балалық шағы,
қилы замандар мен күрделі кезеңдерді, ағасы Қасым екеуінің бір күнде ата-
анасынан, кейін қарындасынан айырылған ауыр трагедияны бастан өткергені
туралы жазады.
Әкем соғыстың қасіретін көп тартты. Оның барлық қаупінен өтті.
Қорқыныш пен қайғыны жеңе білді. Әкеміз өзге де майдангерлер секілді соғыс
туралы, ерліктері мен наградалары туралы айтқанды жақсы көрмейтін.
Жақында мен Омбыда 1945 жылдың ақпан – маусым айларында ауыр
жарақаттан кейін ем қабылдаған соғыс ардагерлерінің госпиталь қабырғасында
менің әкеме мемориалдық тақта орнатылғанын білдім. Омбы облысы мен
қаласының басшылығына сол үшін ризашылығымды білдіремін, – деді ҚР
Президенті Қасым - Жомарт ТОҚАЕВ.
Белгілі жазушы Әкім Тарази Кемел Тоқаевпен Жазушылар Одағында бір
кабинетте отырып, жұмыс істеген. Мінезі өте сабырлы, сөзі салмақты болатын
дейді. Өмірде қолдау танытып жүретін арқа сүйер ағамыз еді деп еске алады.
Ол кісі үлкен аға болды. Бірдеңе сұрағым келеді. Мына бала қызық екен
ғой деп айтпасын деп, сұрамаймын, отырамын, ұяламын. Ол кісі өзі бастаса,
тыңдаймын...