Алаштың маңдай алды арысы: Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Н.О.Искакова. – Қарағанды, 2019. – 11. б.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған "Алыптар тобындағы" ірі ақын, көрнекті суреткер және драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 2019 жылдың 15 қарашасында 125 жыл толып отыр.

Бейімбет Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық, шығармалары біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына. Оның көркем шығармалары халық арасына кең тараған. Әдебиетіміздің барлық жанрындағы шұрайлы шығармалары оның жомарт дарыны мен жаңашылдық ізденімпаздығының жемісі. Жазушының әдеби мұрасы - халқымыздың аса бағалы мәдени игілігі, әлі талай ұрпақтың қызыға оқитын рухани қазынасы.

 

Осы атаулы күнге орай Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Алаштың маңдай алды арысы" атты библиографиялық жадынама құрастырды.

Жадынамада ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Дербес жадынама Бейімбет Майлиннің өмірі мен әдеби мұрасына қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына, ұстаздарға, филология факультетінің студентеріне қызықты әрі пайдалы.