Құрметті оқырмандар!

Назарларыңызға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, композитор Тілеуғазы Рымбекұлы Бейсембектің «Балаларға базарлық» жобасы аясында жарық көрген «Зерек бала» кітабының таныстырылымын ұсынамыз.

https://drive.google.com/file/d/1tEpRrU2nBXxsQsjBBS2SHSzO6xwjGmoC/view?usp=sharing

Құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға балалар жазушысы Халықаралық Алаш әдебиет сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың 80 жылдық мерейтойына орай арналған «Балалар әдебиетінің бағбаны» бейне шолуын ұсынамыз.

Бүгін кітапханамызда «Ел еркесі - Роза» атты әсерлі, танымды, керемет кеш өтті. Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған бұл кеш жиылған жұрттың есінде сақталып қалары сөзсіз.Тарқата айтсақ...

Толығырақ...

Бүгін ҚР ІІМ Қарағанды академиясы біліктілікті арттыру және кадрларды даярлау факультетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталмыш мекеменің басшысы Дулат Әлиасқарұлы арнайы келіп, кітапханамен танысып, екі мекеме арасында оқу-танымдық процесті жүзеге асыру, бірлесе іс-шаралар ұйымдастыру сынды мәселелерді талқылады. Облыстық кітапхана тарапынан біліктілікті арттыру және кадрларды даярлау факультетінің кітапхана қорына «QASYM» сериясының 4-томдығы сыйға ұсынылды.