Қарағанды қаласының архитектуралық - жоспарлы құрылыстарын оның жоспарлау жобасына сәйкес бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Облыстық және қалалық билік басындағылардың алдында 30 жылдары ретсіз, шашыраңқы салынған 1934 жылы қала статусына ие болған поселкелерге бірыңғай қалалық келбет беру міндеті тұрды. 1932 жылғы жоба 180 мың халқы бар, көмірлік шоғырлы жерге қала тұрғызуды қарастырған және таяу онжылдықтарда көмір өндірілмейтін шахталардан тыс жерлер қарастырылған. Жоспар  2 жылдан астам уақыт талқыланған, бірақ көмір қабаттарын қазуға байланысты жаңа міндеттердің туындауына байланысты жоба қажетсіз болып қалған.

1934 жылы жаңадан бас жоспар жасау қолға алынды, көптеген талқыланулардан кейін 1939 жылы 9 ақпанда нақтылы бекітілді. Жаңа бас жоспарда 300 мың халқы бар қала тұрғызуды қарастырған. Бұл бас жоспарға сәйкес қалада ешқандай ескі қала (шахталар маңайындағы кеншілер үйлері) болмау керек. Жаңа қала жобасы (қаланың әкімшілік орталығы) елді-мекен құрылысының соңғы үлгісімен, көпқабатты үйлерді қарастырып жасалған. Құрылысты 1950 жылы аяқтау жоспарланған. Соғыс алдындағы үш жылда көп жұмыс тындырылды: екі және үш қабатты үйлердің алғашқы кварталдары пайда болды. Қаланың сол жақ шетінде алғашқы көшелер құрылды: Амангелді, Жамбыл, Доскей атындағы көшелер. Алғашқы елді-мекен ансамбльдерін  салу басталды – Сталин даңғылы (Бұқар-Жырау) Ленин даңғылының қиылысында. Алғашқы төрт қабатты үйлер пайда болды. Қаланы көркейту жоспарына соғыс кедергі болды. Жаңа қаланың көп қабатты үйлерін тұрғызу 1948 жылы қайта қолға алынды, ірі-ірі мәдени-тұрмыстық ғимараттар тұрғызылды. 1950 жылдары Сәтбаев, Доскей, Жамбыл көшелерінің құрылысы аяқталды.

Толығырақ...

«Күн нұрына бөленген Қарағанды... Таңертеңнен кешке дейін көшелерде адамдар легі толастамайды, кейбіреулері жұмысқа асығып бара жатса енді біреулері жұмыстан үйлеріне қайтып барады, тіпті, көшені бойлап, ақырын басып қаланы, ондағы ескерткіштерді, мемориалды тақталарды тамашалап естерінде сақтап қалғысы келетіндерде аз емес. Көшелер... Үлкен қаланың көшелері..., олар туған өлкеміздің тарихы туралы, болған оқиғалар, аяқталған үлкен істер, қаланың тамаша адамдары, олардың ерліктері мен батырлықтары туралы көп сыр шерте алады.

Қарағандының көшелерімен жүріп өткенде елдің, біздің облысымыздың тарихында жарқын бейнелері сақталып өшпес із қалдырған есімдерді еске аламыз. Бұл туралы бізге «Олардың есімдерімен Қарағанды көшелері аталады» деген библиографиялық көрсеткіштер сериясы көмектеседі. (1973, 1989, 2004, 2005)

Кез  келген қаланың «келбеті» оның тарихы мен архитектуралық ескерткіштерімен, құрылыстық комплекстерімен ғана емес шағын ескерткіштерімен де тартымды болады. Олардың қатарына мемориалды тақталар жатады.

Мемориалды тақта – (әдетте мәрмәрдан, граниттен жасалады) есімдерін есте қалдыру үшін немесе оқиғаға байланысты плиткаға жазылып ғимараттың қабырғасына ілінеді. Мемориалды тақтаға адамның бюсті немесе қырынан бейнеленіп астына түсініктеме жазылады. Тақта орнату үшін ол адамның қоғамдық, әлеуметтік орнына, еңбегіне байланысты рұқсат етіледі. Барлық деректер мен құжаттар арнайы тексеріледі. Әуелі қаланың деңгейінде ономастикалық комиссия – құрамында депутаттар мен өлкетанушылар және ардагерлер кеңесінің өкілдері қарайды, содан кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі.

2009 жылы Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімі «Есімдері қала тарихында» библиографиялық көрсеткіш әзірледі, онда Қарағандыдағы мемориалды тақталар туралы деректер жүйеге келтірілді.