7 ақпан мен 12 наурыз аралығында өткізілген «Қуыршақтар әлемі - Мир кукол» атты АРТ-МАРАФОН мәресіне жетті.

Қуыршақ әлемін түрлендіріп, қолөнер шеберлері аталмыш шараға алуан түрлі жұмыстарын ұсынып, шараның маңызы мен мағынасының ажарын ашты.

Қазақстандағы балалар жылы аясында өткен ерекше өнер сайысына Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларынан, сонымен қоса, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай, Осакаров, Ақтоғай елді мекендерінен 90-нан астам шебер қатысып, папье-маше, полимерлі саз, ағаш, жүн, тоқыма, трикотаж және аралас материалдардан жасалған интерьерлік және авторлық қуыршақтарын ұсынды.

Қолөнер шеберлерінің бұйымдарының барлығы ерекше әрі махаббатпен жасалғаны көрініп тұрды. Марафонның шарты бойынша үздіктерді анықтау Қарағанды академиялық музыкалық театрының балалар қуыршақ студиясының суретшісі Петрова Роксана Евгеньевнаға  жүктелді.

Марафонның барлық шарттарын орындаған, идеясының өзіндік ерекшелігі мен көркемдік орындау деңгейі бағаланып, келесідей жеңімпаздар анықталды:  

14 жасқа дейінгі қатысушылар:

  • 1 орын – Қасымбай Әдемі, 8 жаста, Ақтоғай ауданы;
  • 2 орын – Лаухина Яна Борисовна, 9 жаста, Саран қаласы;
  • 3 орын – Сламғали Жібек, 11 жаста, Ақтас кенті;
  • Байменде Елнұра, 12 жаста, Нура ауданы;

Ересектер:

  • 1 орын – Филатова Ектерина Васильевна, Ақтас кенті;
  • 2 орын – Какимова Бақытгүль Амангелдиевна, Қарақаралы ауданы;
  • 3 орын – Нестеров Юрий Иванович, Қарағанды қаласы;

Номинациялар бойынша:      

  1. «Қуыршақ- кітап кейіпкері» - Ербаева Салтанат, «Алдар Көсе» қуыршағы (Топар к.)
  2. «Керемет декор» - Кравченко Олеся, «Періште» қуыршағы Powerpool техникасында жасалған (Сәтбаев қ.,)
  3. «Біз біргеміз» - Жантурина Гульмира Амангельдиновна, «Принцесса Мари» мен «Татьяна Ларина» (Қарқаралы қ.,)
  4. «Былтырғы жұмыс» - Казакова Лиза, 15 жаста, «Шляпник», жетекшісі Василевская Н.А. (Карағанды қ.,)
  5. «Тандем» - әжесі мен немересі Абдильдина Ақмарал мен Алпысбай Қуаныш,  «Бақа мен Мысық» қуыршағы (Ақтас к.,)
  6. «Көрермен көзайымы» Корнукий Ангелина, 11 жаста, «Сиқырлы қуыршақ» (Қарқаралы қ.,)

Ынталандыру сыйлықтары

  • Фирсова Людмила Васильевна,
  • Голышева Лариса Александровна,
  • Солощенко Лариса Васильевна,
  • Ким Алла Григорьевна - «Творчество и чудотворство» клубы.,
  • Лотарева Светлана Владимировна
  • Лян Ирина,
  • Шалимова Алла, 12 жаста,
  • Тюнина Анна,
  • Сулейменова Алия,
  • Саятқызы Наргиз 10 жаста;
  • АнуарбековаДиляра 9 жаста;
  • ТөлегенБалнұр10 жаста;
  • Мейрамқызы Адия 10 жаста;
  • ҚадырақынАйару 10 жаста.

Сәндік-қолданбалы өнер әлеміне өз үлестерін қосып жүрген барша өнер сүйер қауымға алғыс білдіре отыра, шығармашылық шабыт пен жемісті еңбек тілейміз!

Арт-марафондағы жұмыстарды Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #quirshaq_krg, #mirkukol_krg және #karlib хэштегтері арқылы көруге болады.