Көктас ауылдық кітапханасы 1953 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
Кітапхана қазіргі уақытта типтік Мәдениет үйі ғимаратының 2 этажында орналасқан. Жер көлемі: 220кв.м. жылу қазандығы бір орталықтан жағылады. Кітапханашы: Кумусбаева Рымбала Темирбековна, білімі орта арнаулы , кітапханашылық еңбек өтілі -17 жыл. Кітапхана орналасқан Мәдениет үйіне 2010 жылы күрделі жөндеу жұмысы жүрді, бірақ кітапхана орналасқан 2 этажға ешқандай жөндеу жұмысы жүргізілген жоқ. Ауылда №4 ресурсты орта мектеп, шағын орталық, мектепшілік мекемелер: балалар спорттық клубы, музыкалық мектеп қызмет жасайды.
Кітапхана қоры барлық білім салаларымен жинақталған. Ауылдағы кітапхана оқушылардың білім деңгейін көтеру және демалу уақыттарын жақсы өткізіп, оқуға әзірлену үшін мол мүмкіндік беретін орын.
2004 жылдың қараша айында Көктас ауылдық кітапханасы алғашқылардың қатарында облыс бойынша ауылдық модельді кітапхана деген статусқа ие болып, құны 663850 теңге тұратын жаңа технологиялармен атап айтқанда: 21 стеллаж, 12 орындық, кафедра, 6 стол, 1 жұмыс столы, айналмалы кресло-2, 1 телевизор тумбасымен жабдықталды. Қазіргі заманғы модельді кітапхананың ашылу салтанаты Қарағанды қаласында өтті.
Модельді ауылдық кітапхана – бұл жергілікті, ақпараттық өлкетану, өз бетімен білім алу орталығы, техникалық жабдықталған және ақпаратпен қамтамасыз етілген орын.
Кітапханада автоматтандарылған құралдар: 2 компьютер, 2 принтер, сканер, түрлі түсті принтер, телевизор, Интернетке шығу мүмкіндіктері қарастырылған / ADSL технологиясы бойынша/.
Көктас ауылының турғылықты халық саны бүгінгі күнге – 1540 адам.
Көктас ауылдық кітапханасының көрсеткіші:
-
Кітап қоры – 26557 дана, қазақ тілінде - 8292
-
Оқырман саны – 720
-
Электронды ресурстарды пайдаланушылар-40
-
Кітап берілімі – 12456
-
Келушілер саны – 9912
-
Жылына жаңа кітаптар түсімі – 450 дана.
-
Кітап қорын толықтыруға 1 жылға бөлінетін қаржы -551374 тенге.
Оқырмандарға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Қызмет көрсетудің жаңа түріне көшу тұрғындарды жоғары дәрежелі ақпаратпен қамтамасыз ету, жаңа технологияны енгізу арқылы көмек беруге мүмкіндік береді. Кітапхана 32 атаулы газет пен журналдар басылымдарына жазылады, оның ішінде 30 басылым мемлекеттік тілде. Ең көп оқылатын мерзімді басылымдар: Жас алаш, Егемен Қазақстан, Монитор, Айқын, Қазақ әдебиеті, Ана тілі, Алтын босаға, Тылсым дүние, Денсаулық, Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам, Қазақстан әйелдері, Ақ Желкен, Балдырған, Айгөлек .
ABBY Finereader программасымен барлығы 32 құжат / ауыл, аудан тарихы, қайраткерлер, ақын-жазушыларға арналған оцифровкаланды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы» бойынша насихат жұмыстарын негізі серіктес ұйымдарға атап айтқанда: Әкімшілік, мектеп, кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға, мұғалімдерге жарнамалап отырамыз.
Библиографиялық жұмыс: Анықтамаларды орындау дәптері жүргізіледі. Жылына 250-ге тарта анықтамалар орындалады. Оның ішінде Интернетті пайдаланушыларға жеке дәптер ашылған.
Ахмет Байтұрсыновтың туғанына – 140 жыл толуына арнап «Қазақ халқының рухани көсемі» атты, «Шәкәрім шығармалары – қазақтың рухани мол мұрасы», «ТЕМІР НАРКОМ» Темірбек Жүргеновтің туғанына -115 жыл» атты әдістемелік-библиографиялық құралдар құрастырылды. Рабис программасы қойылмаған. Кітапхананың негізгі бағытталған жұмысы - өлкетану. Кітапхана ауыл жайлы мағлұмат жинауда өлкетанулық қозғалыстың орталығы болып табылады. Барлығын басынан бастады: мұрағат мәліметтері, газет мақалалары, байырғы тұрғындардың әңгімелері, «Ауыл энциклопедиясы – кіші Отан» атты облыстық конкурсқа үн қосып, ат салысты.
Қорытындысында Көктас ауылдық кітапханасы 2 орын иеленіп, 20мың ақшалай сыйлықпен марапатталды. Өлке тақырыбына арналған мынандай жинақ папкалары бар: «Өндірісті өлке: Қарағанды тарихынан деректер», «Арқада жер сұлуы Қарқаралы», «Арқа ардақтысы Қасым Аманжолов», «Қарқаралы қайраткерлері», «Қарқаралы қаламгерлері», «Ауыл шежіресі», «Ауылым-алтын бесігім», «Ерлік ешқашан ұмытылмайды», «Ауыл энциклопедиясы», «Ауыл өмірі баспасөз бетінде». Альбомдар: «Арқаның ару қызы Еңбек ері», «Ғабиден Мұстафин», «Қанатын жайған Қарағанды», «Қазанғапұлы Тәттімбет», «Тұңғыш қазақ ғарышкері -Тоқтар әубәкіров», «Қоянды жәрмеңкесі ел жадында», «Қаршығалы селолық округінің ардагерлер ұйымы», «Арқа ардақтылары».«Ауылым – алтын бесігім» картотекасы, «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» стендісі жасалды. Осы мәліметтер арқылы ауыл өмірін бақылап отыруға болады. Ақпараттар көлемі өсуде және оған деген қызығушылық та артуда, сондықтан осы мәліметтерді жүйелеу және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керек.
Көктас ауылдық кітапханасының базасында өлкетану тақырыбына арналған кештер, мемлекеттік тілді насихаттау, кітапханалық жұмыстың бағыттары мен қызығушылар клубының жұмыстары өткізілді.
Кітапханада қыз-келіншектерге арналған «Сырласу» атты тәлім-тәрбиелік клуб жұмыс жасайды. Клубтың жарғысы, жоспары бекітілген. Клубтың 18 тұрақты мүшесі бар. Клуб мүшелері барлық шараларға қатысып белсенділік танытуда. 2011 жылы «Жас толқын» жас ақындар клубы құрылды. Кітапханада үнемі көптеген шаралар өткізіледі: әңгімелер, ауызша журнал, сұрақ – жауап, ойындары, конкурстар және т.б. Балаларға жазғы демалыс уақытында мультипликациялық әр-түрлі фильмдер көрсетіледі.
Көрнекіліктер мен көпшілік жұмыстар
Кітап көрмелері: «Егемен елдің тәуелсіз жолы. Қазақстан-2050», «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрме-панорама, «Жас Отан-Жастар қанаты: «Оқитын жастар-ұлт байлығы», «Қызығы мол қысқы Спорт», «Армысың, әз Наурыз!», «Халқын сүйген-салтын сүйеді», «Туған өлкем мақтанышым»-ашық көрсетімі, «Ұлы Тұран перзенті», «Таңдамалы Абай тілі», «Кітап - ғасыр мұрасы»көрме-байқау, «Айтулы күндер, оқиғалар», «Қазақ балалар әдебиетінің классиктері», «Менің әлемім», «Кітап патшалығының сүйікті кейіпкерлері шақырады» атты кітап беташарлары, «Еліміздің егемендік белгілері», «Табиғатты досым деп біл!» атты кітап көрмелері бар.
Жаңаша бағыттағы көпшілік жұмыстар:
Қазіргі күні барлық өткен шараларға информационный технологияларды пайдалану үрдіске енгізілуде. Сол тақырыптарға байланысты Слайдтар көрсетеміз. Атап айтқанда: Қонаевтың 100 жылдығына арналып жасөспірімдермен өткен «Д.А.Қонаев-ғасыр саңлағы» атты танымдық кеште «Тұғырлы тұлға» атты слайд көрсетілді. Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған «Туған елінің еркесі», «Елбасы мен Астана», «Қасиетті мекен-Қарқаралы», «Мақтанышы ауылдың», «Салт-дәстүрлер түрлері».
«Дана Абай» атты Сайыс-сабақ, Қасым Аманжолвтың 100 жылдығына арналып өткен «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!...» атты мүшәйра. «Терең білім кітапта» балалар кітабы апталығы, «Ауылым-алтын бесігім» атты өлкетану сағаты. «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты тарих сағаты.
Оқырмандарға қызмет көрсетудегі жоспарларды жүзеге асыру бағытында кітапханада кейінгі кезде оқушылар мен жасөспірімдер арасында кітапханалық шараларды акция, сайыс түрінде өткізудің кітапханаға оқырмандар тарту, кітап берілімінің өсуіне көп көмегі тиеді. Өзім қазан айында екі сынып арасында сайыс-сабақ ретінде танымдық сағат өткіздім. Осы шараны өткізу кезінде оқушылар кітапханаға келіп шара сұрақтарына дайындалып, өз беттерімен ізденіп өте белсенділік танытты. «Ең Белсенді сынып» атты сайыс-сағат.
Кітап оқылымы
Біздің кітапхананың биылғы жылға ең белсенді оқырмандар тобы - оқушылар болып отыр. Олар кітапханалық шараларға белсене араласып, кітапхана мүлкіне, басылымдарына үлкен жауапкершілікпен қарады. Одан кейінгі орында жасөспірімер мен зейнеткерлер. Ересек оқырмандар тобының / 35-50 жас аралығы/ оқу пайызы азайып тұр. Оның себебі көбіне ересек оқырмандар шытырман оқиғалы детектив басылымдарын, тарихи кітаптарды және «Эскпресс К» , «Караван» сияқты газеттерді сұрайды.
Серіктестік әрекет
Өз жұмысымызды үнемі жергілікті әкімшілікпен, Мәдениет үйімен, мектеппен және басқа да қоғамдық ұйымдармен серіктестік әрекетте қызмет атқарып, тығыз қарым-қатынаста болуға тырысамыз. Әр мерекелік шараларға сценарий, баяндама дайындап, өткізілген шараны үнемі жергілікті Қарқаралы газетіне жариялап отырамыз. Кітапхана қызметкерлері Республикамыздың қоғамдық-саяси өміріне де қатысуы қажет. Осы орайда өзім «Нұр Отан» ХДП –ның мүшесімін, әрі хатшысымын. Кітапхана әр түрлі топтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Атап айтқанда зейнеткерлер мен мүгедектермен жұмыс атқарылуда. Бұл жұмыс екі бағытта атқарылады: денсаулығына байланысты кітапханаға қатынай алмайтын адамдарға үйде қызмет көрсету және кітапхана қабырғасында бос уақытты ұйымдастыру.
Жыл ішінде мүгедек жандардың тапсырысы бойынша үйге 200 астам кітап және мерзімді басылымдар жеткізілді. Үйге қызмет көрсетуде 6 адам қамтылған. Кітапхана жұмысында ақпараттық басылымдармен серіктестік байланыс орнатылған. Өткен шаралар туралы жергілікті Қарқаралы газетіне мақала жариялап тұру жүйелі түрде жүргізілуде.
Біліктілікті арттыру:
Кітапханада қызмет атқарғаныма биыл 17 жыл. Орта арнаулы кітапханашылық мамандығым бар. 2002 жылғы қыркүйек айының 16-нан 22-не дейін мамандық біліктілікті арттыратын Қарағанды облыстық курстың «Қазіргі замандағы ауыл кітапханасы» тақырыбы бойынша кітапхана қызметкерлері тобында дәріс алып, Сертификат алып шықты.
Кітапханалық процестердің күрделене түсуі кітапхана мамандарының кәсіби білімдерін үнемі жетілдіріп отыруын қажет етеді. Жылда шығып тұратын «Кітапхана», «Кітапхана әлемі» журналдарын өз қызметімізде пайдаланып отырамыз. Бір айта кетерлігі бұл журналдар қазақ тілінде шығарылса нұр үстіне нұр болар еді.
Өз қызметімізде ОКЖ жүйесінің өткізіп отыратын стажировкалар, семинарлардың алатын орны ерекше. Кітапханашы мамандар арасында кәсіби шеберлер мектебін ашып, солардың әдіс-тәсілдерін жұмысқа пайдаланудамыз. «Өзара қарым-қатынас жұмысы».
Алған марапаттары:
2004 жылы облыстық Ауыл энциклопедиясы конкурсында 2 орын, аудандық кітапхананың Үздік кітапханашы атағын қатарынан 2 жыл алды. 2009 жылы облыстық Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы, Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған аудандық мүшәйрада 1 орын, 2012 жылы облыстық Мәдениет департаментінің «Үздік ауылдық кітапханашы» номинациясы иегері атанды.
Өмірде барлық нәрсе өзгереді, тек кітапхана ғана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін десек, киелі де биік рухани парасаттың шыңы - кітапхана, оның ішінде модельді кітапханалар ауыл тұрғындарына керек, әрқашанда керек болып қалады.
Қазақ елінің о бастағы арманы - білімді мәдениетті ұлт болу емес пе еді. Ал бүгінгі мақсат - дамушы емес, дамыған елдермен терезе теңестіру. Бұл тек төл тарихымыз бен әдебиетіміз арқылы ғана жемісті болмақ.