Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Сарытерек селолық округі, №3 филиал Сарытерек ауыл үлгілі кітапханасы.
Сарытерек ауыл, Ақтоғай ауданындағы Сарытерек селолық округінің орталығы. Аудан орталығынан оңтүстік шығысқа 42 км, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 180 км жерде, Тоқырауын өзенінің оңтүстік – батыс жағалауында, Балқаш - Ақтоғай жолының бойында орналасқан. Іргетасы Сарытерек селолық Кеңесі болып 1928 жылы қаланған. Бұрынғы Каганович, Ленин, Үшөзен, Сарыши , Сарытерек колхоздарының негізінде 1950 жылы ірілендірілген Ленин колхозы болды. 1963 жылы Ақтоғай совхозы болып қайта құрылды. 1995 жылы кеңшар негізінде 58 шаруа қожалығы құрылған. Халқы 778 адам. Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Желтау тауында Қарабауыр, Тойғанбай қыстақтарының маңайында таңбалы тастар салынған. Елді мекендерінде (Жетімшоқы, Ақтұмсық, Кенелі ауылдары ) мектеп, клуб, кітапхана, ФАП басқа да мәдени - тұрмыстық мекемелер жұмыс жасайды. Округ аймағында Желтау тауы, Сана би мазары, Кенелі- Майтас кен орыны болған. Атақты «Ақбидайдың» отаны. Ең жақын Балқаш темір жол станциясы 180 км жерде.
Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Сарытерек ауыл кітапханасы 1964 жылы ашылған,1996жылы жаппай қысқартуға ілігіп кітапхана жабылды.Жабылып қалған уақтында кітап қорын кітапханашы өз жауапкершілігімен қорды сақтап келді. 2000 жылы - Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланған жылы Сарытерек селолық округ кітапханасы қайта ашылды. Кітапхана қайта ашылған кезінде сақталған қорымен кітапхана ашуға женілдік тудырды. толығырақ