Page 5 - Бикен Римова
P. 5

Театрдағы  жұмысымен  бірге  Б.Римова  1955  жылдан  бастап  киноға  да
                  түсе  бастады.  Оның  ойнайтын  рөлінің  өзіне  тән  ой  -  мінезін,  тағдыр
                  талқысын терең ашып, даралық сипат беруді орындаушылық өнерінің басты
                  мақсат  тұтатын  өткір  мінезді  актриса  болған.  «Тақиялы  періште»,  «Менің
                  атым  –  Қожа»,  «Қыз  бен  жігіт»,  «Өжетқыз»,«Махаббат  туралы  астарлы
                  әңгіме», «Адамдар арасындағы қасқыр», «Ана туралы аңыз», «Там - там үні»,
                  «Ұлдың  оралуы»,  «Ай  астындағы  үй»  сияқты  фильмдерде,  көп  сериялы
                  «Тоғысқан тағдырлар» телефильмінде және алғашқы отандық телехикаяларда
                  ойнады.

                        Актрисаның  жүріп  өткен  шығармашылық  жолы,  тыныс  –  тіршілігі,
                  айналасымен  жасаған  қарым  -  қатынасы  келер  ұрпақ  үшін  осындай  жол
                  көрсетті.  Сахнада  алпыс  жылға  жуық  уақыт  көрерменмен  сырласқан,  сыр
                  ұқтырған  заманымыздың  бірегей  өнерпазы  Бикен  Римованың  есімі,  оның
                  ойнаған кейіпкерлері, адами әлемі, жазып қалдырған мұралары халық есінде
                  ұмытылмастай  болып  сақталып  қалды.  Халқымыздың  мақтанышына
                  айналған Бикен апамызда қазақ театрының іргетасын қалаған туа бітті талант
                  болды. Қазақтың бүкіл болмысын бойына сіңіріп, сол арқылы өнерге келіп,
                  1975 жылы шаңырақ көтерген. Талдықорған қаласындағы театрға 2000 жылы
                  талантты актриса Бикен Римованың есімі берілді. Бикен Ырымқызы Римова
                  2000 жылы 77 жасында 6 қаңтарда Алматы қаласында дүниеден өтті.


                                         Бикен Римованың марапаттары

                        Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
                        Қазақ КСР-нің «Халық әртісі»;
                        КСРО «Құрмет белгісі»;
                        ҚР      «Парасат»       ордендерімен        және      көптеген       грамоталармен
                  марапатталған.

                                                   Әдебиеттер тізімі

                  Қожахметова, М.
                         Әлем-әуен : увертюра, портреттер, эсселер / М. Қожахметова. - Алматы
                  : Өнер, 1983. - 192 б.

                  Құсанбек, Б.
                         Өмір-өзен  :  сұхбат  кітабы  /  Б.  Құсанбек  ;  құраст.:  Б.  Бейбітұлы,  Ғ.
                  Исахан. - Алматы : Келешек, 2017. - 456 б.

                  Рамазанова, Б. Р.
                         Елім  деп  соққан  жүректері  :  [ойтолғау]  /  Б.  Рамазанова.  -  Алматы  :
                  [Б.ж.], 2006. - 239 б.

                  Римова  Бикен:  Өмір  белестері  (Эссе);  Ақ  сандықты  ашқанда  (Бикен  апа

                                                                                                              5
   1   2   3   4   5   6   7