Page 5 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 5

1729          Аңырақай шайқасына 295 жыл
                           1824          Қарқаралы қаласының іргесі қаланғанына 200 жыл
                       1824 - 1887       Аппақ Байжановтың туғанына 200 жыл жəне 29.08. 1999 ж.
                                         А.Байжанов ескерткіші ашылды (25 жыл)
                        1859-1931        Қоғам қайраткері Қасен Ақайдың туғанына 165 жыл
                        1889-1965        Төкпе ақын Маясар Жапақовтың туғанына 135 жыл
                        1899-1963        Қазақ жазушысы, публицист, аудармашы Жұмағали
                                         Сəрсековтың туғанына 125 жыл
                        1949-2008        ҚР  еңбек  сіңірген  артисі,  актер  Рамазан  Рымбекұлы
                                         Баймағанбетовтің туғанына 75 жыл
                           1924          Айтыскер  ақын,  əуесқой  композитор  Самат  Мұсабековтің
                                         туғанына 100 жыл
                           1924          Ақын Григорий Григориадидің туғанына 100 жыл

                           1924          Дипломат Қыпшақбай Баймұратовтың туғанына 100 жыл

                           1954          Тың жерлердің игеріле бастағанына 70 жыл

                                                       8 қаңтар 1954 - Жазушы, этнограф, өлкетанушы,
                                                       Шет  ауданының  Құрметті  азаматы  Төрехан
                                                       Әкімжанұлы Майбастың туғанына 70 жыл

                  Төрехан  Майбас  1954  жылы  8  қаңтарда  Қарағанды  облысы,  Шет  ауданы,  Ақшатау
            кентінде дүниеге келген. Қ. Сəтпаев атындағы ҚазПТИ-дің автоматты есептегіш техникалар
            факультетінде  оқыған.  Ақшатау  комбинаты  Оңтүстік-Шығыс  кенішінде  жер  асты  слесары,
            тіреуші  болып  еңбек  еткен.  1980  жылы  Е.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ-дің  тіл-əдебиет
            факультетін бітірген.
                  1980  жылдан  бастап  Жезқазған  облысы  Ақадыр  аудандық  «Ақадыр  таңы  –
            «Агадырская новь» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторының
            орынбасары,  бас  редакторы  болды.  1998-2006  жылдары  Қарағанды  облыстық  «Орталық
            Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, Бас редакторының орынбасары, 2006-2013 жылдары
            «ҚазАқпарат» баспасының директоры болып қызмет атқарды.
                  Республикалық  «Жас  қазақ»  апталығының  Қарағанды  облысы  бойынша  меншікті
            тілшісі болады.
                  Көптеген  этно-танымдық  мақалалардың,  «Кенді  өлке»  (1990,  орыс  тілінде),  «Керней
            шежіресі» (2002, 2005),  «Елқұжат»,  «Абадан»,  «Шікіл»,  «Үшінші ауыл»,  «Оныншы  ауыл»,
            «Айбар», «Жауһар», «Мыңқыш» (2019), «Алтын сақа» (2019), «Құрмалдық» (2021) «Ағатай»
            (2022) т.б. кітаптарының авторы.
                  Көптеген этно-танымдық мақалалары баспасөз беттерінде жарияланған. Шет өңірінен
            шыққан  Дияқажы,  Сəбит  Адамияұлы  сынды  т,б,  ақындардың  шығармаларын  жинақтап,
            «Көкбөрі Жарылғап батыр», «Сеңкібай батыр», «Бодық батыр», «Жалаңтөс /Соқыр/ батыр»,
            «Бəйсейіт би» кітаптарын құрастырып шығарған.
                  Хикметтің, Уитменнің, Фростың өлеңдерін қазақшаға тəржімалаған. Ел, жер тарихына
            қатысты  көптеген  тарихи  жəне  танымдық  мақалалардың  авторы.  Мақалалары  шетелдерде
            жарияланған.  Саяси  көзқарасы  үшін  70-ші  жылдардың  басында  комсомол  қатарынан
            аластатылып,  қуғын  көреді.  Қарағанды  қаласында  белгілі  меценат  Болат  Дүйсенбаевпен
            «Жас  қазақ» ұйымын  құруға  талпыныс жасайды.  «Азат»  партиясының  құрамын нығайтуға
            атсалысады.
                  Бірінші сайланған Жезқазған жəне Қарағанды облысының Мəслихаттарының депутаты.
                  ҚР  Мəдениет  министрлігінің  «Мəдениет  қайраткері»  белгісінің  иегері  (2004).
            М.Қабанбай атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), ҚР Құрметті журналисі, «Еңбек даңқы»
            орденінің  иегері  (2020),  «Мамандығына  адалдығы  үшін»  облыс  сыйлығының  жеңімпазы
            болды (2022), Жалын журналы сыйлығының иегері (2023).

                                                         Әдебиеттер:
                  Майбас Т. Абадан: портреттер кітабы. - Алматы: ҚазАқпарат, 2007. - 195 б.
                  Майбас Т. Ағатай: зерде кітабы: қазақ руханиятында өзіндік ізін қалдырған Арқаның
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10