Page 3 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 3
Құрметті оқырман
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапхана қызметінде жыл
сайын қазақ жəне орыс тілдерінде «Қарағанды облысының өлкетану əдебиеттерін
насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық əдебиеттер көрсеткішін жасау
жақсы дəстүрге айналған. Қарағанды облысы бойынша бұл атаулы күндер мен айтулы
оқиғалар күнтізбесі 1971 жылдан шығарып келе жатыр. Əрбір шығарылым тарихи
оқиғалардың негізгі шежіресін жасап, жұртшылықты республика, облыс тарихындағы атақты
ерекше үлес қосқан көрнекті тұлғалармен таныстырып келуде.
2024 жыл аймақ үшін ерекше жыл. Себебі аталған жылы Қарағанды қаласының жəне
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының құрылғанына
90 жыл толады. Бұл өңір еліміздің дамыған облыстарының біріне жатады. Қарқынды дамып
келе жатқан Қарағанды Қазақстанның экономика, ғылым, өнер, білім салаларына едəуір
үлкен үлес қосып келе жатқан өлке. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық
жобадағы жүзеге асырылып жатқан істер өлкенің өркендеуіне серпін беріп келеді.
Көрсеткіште аймақ туралы анықтама берілді.
Алдарыңызға ұсынылып отырған библиографиялық əдебиеттер көрсеткіші - қазыналы
Қарағанды өңіріндегі маңызды жəне айтулы оқиғалар туралы ақпарат беруді, елімізде қолға
алынып жатқан жаңа жобаларды жүзеге асыруды жəне өлкетану білімін кеңінен таратуын
мақсат етіп отыр. Құралдың мазмұны қоғамдағы адамгершілік жəне рухани құндылықтардың
нығаюына, Отанға жəне туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тəрбиелеуге бағытталған.
Керекті ақпаратты іздестіруде облыстық кітапхананың электрондық жəне дəстүрлі
каталогтарынан, анықтамалық жəне библиографиялық басылымдар қорынан, интернет –
ресурстарын пайдаланылды. Тарихи оқиғалармен жеке тұлғалар туралы мəліметтерді
анықтап, іздестіруде көптеген анықтамалық басылымдар пайдаланылды: «Қазақстан»
Ұлттық энциклопедиясы, «Қазақ өнері» энциклопедиясы, «Қазақстан жазушылары»,
«Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» анықтамалықтары, «Қарағанды. Қарағанды облысы»
энциклопедиясы, облыстық мерзімді басылымдар жəне т.б.
Біздің ұсынып отырған күнтізбе материалдарын күнделікті жұмыстары үшін мəдениет,
ағарту, ғылыми, тарихи, қызмет саласындағы мамандар, мұғалімдер, студенттер, БАҚ
қызметкерлері, əртүрлі қоғамдық ұйымдар жəне өлкетану əдебиеттерімен танысқысы келетін
барша оқырман қауым қолдана алады. Əсіресе білім беру мекемелерінде «Өлкетану»
бағдарламасы үшін ерекше құнды.
Күнтізбенің құрылымы ақпаратты іздеуге ыңғайлы, мəліметтер хронология бойынша
тізілген, басылымның басында сілтемелер мен əдебиеттер тізімі қоса берілген. Күнтізбе
соңында «Анықтамасыз жəне əдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі берілді. Айы мен
күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.
Сондай-ақ күнтізбеде белгілі бір оқиғаның немесе адамның өмірбаянының мəні мен
мағынасын сипаттайтын мəтіндік анықтамалар жəне əдебиеттің ұсыныс тізімдерімен
толықтырылған, оның ішінде кітаптар, жинақтар, мерзімді басылымдардағы мақалалар.
Əдебиеттер тізімі соңғы жылдарда жарық көрген мəліметтермен толықтырылды.
Көрсеткіш қазақ жəне орыс тілдерінде құрастырылды. Əдебиеттер тізімі арнайы бір
жүйемен орналасқан: алдымен кітаптар кейін мерзімді басылымдар берілді. Барлық тізімдер
алфавит бойынша орналасқан. Кейбір əдебиеттер тізімінде мүмкіндігінше электронды толық
мəтінді онлайн-ресурстарға сілтемелер көрсетіледі.