Кітапханада сүйікті қаламыз Қарағандының 90 жылдық мерейтойына  орай «Туған күніңмен, Қарағандым!» атты инсталляция - кітап көрмесінің ашылуы өтті.

Үлкен тарихы бар кеншілер қаласына арналған бұл көрмеден оқырман қауымҚарағанды қаласының тарихынан, мәдениеті мен өнерінен т. б. тақырыптарда сыр шертетін кітаптардың көрмесін, Қарағанды қаласы жайында салынған суретшілердің суреті бойынша «Тірі сурет» көрмесін, қаланың заманауи өмірі мен сәулет құрылысын көрсететін «Қарағанды замандастарының назарында» атты фотокөрмесін тамашалады. Ерекше инсталляция - кітап  көрмесінің салтанатын Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК басшысы А.С. Шаймуханбетова ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Өте қызықты және ерекше тарихы бар Қарағанды қаласы мен Қарағанды көмір бассейнінің тарихы мен дамуын, сондай-ақ экономикадағы, өнеркәсіптегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызды сәттерді, сәулет объектілерін, мәдени және спорттық өмірдегі жетістіктерді бейнелейтін сирек кездесетін бірегей кітаптарға кітапханашылар Ә. Ещанова мен А. Майданбекова әдеби шолу жасап, іс- шараны жүргізді.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ұйымдастырған «Тірі сурет» көрмесінде жергілікті суретшілердің қолынан шыққан керемет туындыларды оқырман қауымға ерекше көңіл сыйлады. Мұнда Р. Есіркеевтің «Шебер» (1970), В.И. Крыловтың «Қарағандылық» суреттерімен Ю.В. Гуммельдің «Аппақ Байжанов» (1999), А.П. Билыктың «Кеншілер даңқы» (1974), Е.С. Айтуаровтың «Шардағы қыз» (2004) монументтерін №61 жалпы білім беретін мектептің 11 «Б» сынып оқушылары Р. Журавель, А. Макишев, 10 «Б» сынып оқушысы А. Подоляк, 9»Д» сынып оқушысы А. Аймуратова, 6 «В» сынып оқушылары Д. Алтынбек, К. Чекунова туындыларға тіл бітіріп, керемет бейнеледі.

Сөз кезегін алған Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі басшысының орынбасары М.А. Елубаева музей қорындағы Қарағанды қаласының бейнелеген суреттер тарихына тоқталса, сол туындыларды қызықты форматта көрсетуді мақсат еткен №61 ЖББМ ұстаздары Я.А. Янчевская, С.С. Харина, З.Н. Монина өздерінің идеясын іске асырудағы және алдағы жоспарлары туралы ойларын ортаға салды.

Инсталляция - кітап көрмесінің тағы бір бөлігі көркемдік талантты көрсетуге мүмкіндік берді. Ол ересектер мен балалардың ерекше назарын фото арқылы қаланың атаулы күніне аударуды мақсат еткен «Қарағанды замандастарының объективінде» атты фотокөрмесі. Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің фотокорреспонденті Александр Марченко мен №95 мектеп-гимназиясының 4 оқушысы Максимилиан Мазур қаланың заманауи өмірі мен сәулет құрылысын көрсететін өздерінің алғашқы фотосуреттері туралы айтып берді.

Сонымен қоса кеш барысында көпшілік қауыммен бірге «Cahoot» қосымшасы арқылы «Қарағандыны білесің бе?» атты қызықты викторина ойнатылды. Оқырманға үлкен эмоциялық әсер сыйлаған іс-шарада келген қонақтар да өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, көрмені тамашалады, естелікке фотоға түсті. Көрмені ұйымдастыруға белсене қатысқандарға алғыс хат табысталды.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева