29-30 маусым күндері Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Нұра ауданының ОКЖ базасында «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты II аймақтық әдістемелік практикум өткізеді.

Практикум жұмысына қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары мен жетекші мамандары қатысады.
Әдістемелік практикумда кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізу, жаңа кітапханалық кеңістікті ұйымдастыруға ықпал ету мақсатында аймақ кітапханаларының инновациялық кәсіби идеялары, жобалары, шеберлік сынып сағаттары мен тәжірибелік кеңестері ұсынылады.

Практикум барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхана басшысының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары Н. Жолдыбалинов және журналист, медиаменеджер, «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапты редакторы Б. Құламан «Мобилография: оқырмандарды кітапханаға келуге шабыттандыратын мобильді контент» және «Әлеуметтік желідегі жеке бренд» тақырыптарында облыс кітапханашыларына тренинг өткізеді.

Бағдарлама