Халықаралық практикалық онлайн-семинар
«Заман талабына сай: заманауи кітапханалық практика»

Құрметті әріптестер!


2021 жылғы 25 қарашада сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде "Заман талабына сай: заманауи кітапханалық практика" атты халықаралық практикалық онлайн-семинарын өткізеді.

Семинарда заманауи кітапханалық тәжірибенің келесі мәселелерін қарастыру көзделеді: кітапханалық инновацияларды ілгерілету, ақпараттық ресурстарды басқару мәселелері, кітапханалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселелері, сандық форматтағы өлкетану, кітапханалар әлеуметтік медиа құралдарында және т. б.

Белгіленген тақырып аясындағы басқа да мәселелер талқылауға қабылданады.

Сіздерді кітапханалардың оң тәжірибесін тарату, сонымен бірге халықаралық және аймақаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды болып табылатын практикалық онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Семинар Zoom платформасы негізінде өткізіледі.

Қосылу туралы қосымша ақпарат және онлайн-семинарға сілтеме Сізге электрондық поштаға немесе WhatsApp-қа жіберіледі.

Семинар тілі: қазақ, орыс.

Онлайн-семинарды өткізу орны: Қарағанды қаласы, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Баяндамалар, презентациялар және бейнебаяндамалар Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта мекен-жайына қабылданады.

Семинарға қатысу үшін 2021 жылғы 5 қарашаға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта мекен-жайына өтінім жолдау қажет (1-қосымша).

Үйлестірушілер:

Умбединова Гауһар Нұрланқызы, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары, тел.: 8(7212) 56-72-76, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Пак Валентина Иосифовна, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми хатшысы, тел.: 8(7212) 56-76-55, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.