2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда дәстүрлі түрде Отбасы күні атап өтіледі.

Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және елдегі руханилықты нығайту.

Барлық уақытта "отбасы" ұғымы, ең алдымен, бізді тәрбиелейтін, сүюге, әлемге қызығушылық танытуға, басқаларға сенуге үйрететін адамдар туралы идеяны білдіріп келеді. Қазіргі қоғамда да "отбасы" ұғымы өзгерген жоқ. Бұл дегеніміз, отбасы қазіргі адам өміріндегі ең маңызды іргелі құндылық болып қала береді. Ол әрқашан мәдени және рухани дәстүрлердің сақтаушысы мен қамқоршысы болып қала бермек.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, біздің елімізде отбасы дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, ұрпақтар буындары арасын жалғайтын тізбек рөлін атқарады.

Мереке қарсаңында кітапханада "Отбасы – өмір аясы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме бөлімдерінде отбасы және неке мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар ұсынылған, соның ішінде Қазақстан Республикасының Неке туралы кодексі (Алматы, 2012), Мұқалдиева Г.Б. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы (Алматы,2016) және т.б. әдебиеттер.

З.Шаукенова Отбасы институты - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы (Алматы,2014 ж.), Б.Жумагулов. Непреходящие ценности (Литер, 2021, 13 сәуір) сынды Қазақстандағы отбасы институтына арналған материалдарда Қазақстандағы отбасын мемлекеттік қолдау туралы айтылады. Мемлекеттің қамқорлығы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын ұйымдастыруда да көрініс табады. Байқау 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы ұлттық байқаудың қорытындысы 26 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында шығарылды.

Н.Фоминаның берік отбасының құпиясы туралы мақаласында ("Индустриальная Караганда" газеті, 2021, 7 қыркүйек) ұлттық конкурстың өңірлік кезеңін қорытындылау туралы айтылады.

Көрмеде отбасылық қатынастар психологиясына арналған әдебиеттер ерекше орын алады, бұл монографиялар: Кабаков М.П. Психологические особенности казахской семьи (Алматы, 2018), Қалыш А. Қазіргі Қазақстан: отбасы және ажырасу мәселелері (Алматы, 2017), Векилова С.А. Психология семьи (Мәскеу, 2018); зерттеулер мен оқу құралдары: Бизакова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы (Астана, 2010), Байжанова Ж. Семья бақыты (Алматы, 1990), Айзенк Г. Язык счастья (Мәскеу, 2002) және т.б.

Оқырмандардың қызығушылығын біздің әрқайсымызға әсер ететін өткір және өзекті тақырыпты - балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы мәселесін ашатын басылымдар тудырады, бұл: Михайюкова З. Семейное воспитание незрячего дошкольника (Алматы, 2014), Бьюзен Т. Умные родители – Гениальный ребенок (Мәскеу, 2013), Ла Бэн Э. Ваши внуки: как стать настоящими друзьями (Мәскеу, 2018) және т.б.

Сондай-ақ назарларыңызды А.Быковтың "Развивающие занятия "ленивой мамы" (Мәскеу, 2016) кітабына аударғымыз келеді. Бұдан сіздер:

  • Ақылды бала қайдан пайда болатынын;
  • Бүлдіршінге сөйлеп кетуге қалай көмектесуге болатынын;
  • Балаға сурет салуды не үшін үйрету керектігін;
  • Баланың полиглот болып өсуі керек пе екенін және тағы да

көптеген басқа нәрселерді біле аласыздар.

Юуль Е. Дети страны хюгге:уроки счастья и любви от лучших в мире родителей (Мәскеу, 2018) атты кітапта әйгілі дат психологы бүкіл әлемдегі аналар мен әкелердің жиі кездесетін қателіктерін талдап, балалармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін және отбасындағы махаббат, өзара құрмет пен қолдаудың атомосферасын қалай сақтау керектігін айтады.

Отбасы күні – бұл жақындарыңыз бен туыстарыңызға көңіл бөлудің тамаша мүмкіндігі. Отбасылық жақындасу сәтін жіберіп алмаңыз, жақындарыңызға махаббат пен құрмет сыйлаңыз.

        

Құрметті оқырмандар! Сіздерді осы мерекемен құттықтап, кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.