Бүгін Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасы аясында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуін қолдау мен насихаттау мақсатында "Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла" Акциясының жалғасы ретінде кітапхананың тұрақты оқырманы қаламыздың тұрғыны Ошақбай Суханберліұлы Суханберлин кітапхананың қорын өзінің жеке кітапханасынан латын әліпбиіндегі 1939 жылы жарық көрген Абай Құнанбаевтың "Таңдамалы шығармаларын", 1938 жылғы Н. Островскийдің "Құрыш қалай шынықты" және Джек Лондонның "Ақ азу"  романымен сирек және құнды кітаптар топтамасын толықтырды. Қазақ халқының баға жетпес рухани байлығын келесі ұрпаққа мұра етіп қалдыруды көздеген ұлағатты ұстаз шара барысында Елбасының кириллицадан латын әліпбиіне көшу бойынша бастамасын қолдайтынын айтып, жастарды тілін, жерін сүюге, әрі қазақтың бай қазынасы – кітаптарды оқуға үндеді.

Қонақтар назарына "Латын әліпбиі – уақыт талабы" атты кітап көрмесі ұсынылды.