Тарихқа жанасу : тың игерудің 65 жылдығы  = Прикосновение к истории : к 65 летию начала освоения целины : библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. И. С. Иссык, Н. О. Искакова, Б. Ш. Куртбаева – Қарағанды, 2018

ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны КСРО ғана емес, бүкіл дүние жүзінің ауыл шаруашылығында орын алған үлкен серпіннің бірі болатын. Осыдан тура 65 жыл бұрын орманы жайқалған, өзен-көлге бай, аң-құсы сайран салған еліміздің солтүстігіне жаппай соқа түсе бастады.

Алты онжылдықты артқа тастаған осы бір тарихи кезең туралы аз жазылған жоқ. Осы тақырыпқа бізде қалам тербеп отырмыз. Тың эпопеясы еліміздің экономикалық әлеуетін көтеріп, ауылдардың еңсесін түзеп, жастардың еңбекке деген құлшынысын, жігерін арттырды.

2019 жылы Қазақстандағы тыңның игерілгеніне 65-жыл толып отыр. Әр жылдары тың игеру тарихы жайында жарық көрген кітаптар мен баспасөз беттеріне жарияланған мақалаларды негізге ала отырып, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап - ғылыми кітапханасы сіздерге «Тарихпен жанасу» библиографиялық жадынаманы ұсынып отыр.

Библиографиялық жадынама қазақ және орыс тілдерінде әріптік ретпен ұсынылған. Жадынама еліміздің тарихына қызығатын әрбір оқырманға қызықты әрі пайдалы.