Қазақ халқының атақты ұлы: Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл = Славный сын казахского народа: Ильясу Жансугурову – 125 лет : библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б. Ш. Куртбаева, А. К. Исина. – Қарағанды, 2019

"Қазақ поэзиясының Құлагері" деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы. Оқырманның қиялына поэзия арқылы қанат бітірген, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 2019 жылдың 1 мамырында 125 жыл толады.

Қазақ Сәкен, Ілияс, Бейімбет үшеуін бөле-жармай, "Үш бәйтерек" деп, тұтас атаған, төбесіне көтерген.

Ілияс Жансүгіров қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы болды.

Осы атаулы күнге орай Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қазақ халқының атақты ұлы" атты библиографиялық жадынама құрастырды.

Жадынамада қазақ және орыс тілдерінде ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Дербес жадынама Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен әдеби мұрасына қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына, ұстаздарға, филология факультетінің студентеріне қызықты әрі пайдалы.