Өнер туралы әдебиеттер бөлiмінің кітаптар қоры Мұрат Әбуғазының "Қазақтың домбыра өнері" атты жаңа кiтабымен толықты!

Қазақ халқының сан салалы өнерінің ішіндегі сан ғасырлық тарихы бар ерекше арнасы – домбырашылық-күйшілік дәстүрі болып саналады. Белгілі домбырашы, музыка зерттеуші Мұрат Әбуғазының бұл еңбегінде домбыра аспабы мен күйшілік өнер жан-жақты, кешенді түрде зерттелген. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде домбыра аспабының шығу тегінен бастап, күйшілік өнердің қалыптасуы және оның даму кезеңдері тарихи және мәдени тұрғыда қарастырылған. Екінші бөлімде қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлі күйшілік мектептер, олардың көрнекті күйші-композиторлары және күйші-орындаушылары жөнінде мол мағлұматтармен қатар ең таңдаулы күйлердің ноталары берілген. Үшінші бөлімінде домбыра аспабының жасалу жолдары мен атақты шеберлер, күй өнерін зерттеуші ғалымдар туралы атылған.

Назарларыңызға ұсынылып отырған кітап жоғары және орта музыкалық оқу орындарының студенттеріне, музыка зерттеушілеріне сонымен қатар, жалпы өнерсүйер қауымға арналады.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтедi!