Қадірлі оқырман!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға биші, педагог, Қазақстанның халық артисі Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлованың туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған шағын көрмені ұсынады.

Шара Жиенқұлова – Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әйгілі биші.

Мектепте оқып жүргенде-ақ көркемөнер үйірмесінің белсенді мүшесі болған Шара ән айтып, драмалық рөлдерді ойнай жүріп, би де билейтін. Ол өзбектің «Шамильдің биі», «Марьямхон» деген билерді өзі қойып, өзі билеп жүрді. Табиғатынан сұлу, талшыбықтай әсем денелі қыз Алматы қаласына биші ретінде таныла бастайды. Сол кездерде оны қалада өтетін әртүрлі эстрадалық концерттерде би билеуге шақыратын.

 

Б. Майлиннің «Шұға» спектаклімен кәсіби сахнаға шыққан Шара Қазақстан хореография өнерінің жарық жұлдызына айналды.

Көрме арқылы оқырмандар биші Шара Жиенқұлованыңбарлық өмірбаянын суреттейтін туындылармен таныса алады.

Бұл көрменің басты мақсаты – оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттырып,өнер туралы әдебиеттерді насихаттау, талғамы биік оқырманды актриса шығармашылығымен таныстыру.

Сондай-ақ, біздің кітапхана қорымызда кездесетін Ш. Жиенқұлова туралы жазылған төмендегіше кітаптар мен мақалаларды назарларыңызға ұсына аламыз:

  • Қазақ биі = Казахскийтанец : фотоальбом / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті ; құраст. К. Диярова. - Алматы : Өнер, 2012. - 319 б.
  • Жиенқұлова Шара Баймолдақызы // Қазақ өнері : энциклопедия / бас ред. Е. М. Арын . – Алматы, 2002. - 222 б.
  • Карменова Ұ. Т. Қазақтың ұлттық би өнері / Ұ. Т. Карменова // Музыка әлемінде: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. - 2015. - № 1/2. - 30-31 б.
  • Момынұлы П. Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлова / П. Момынұлы // Мәдениет. - 2013. - № 4. - 29-33 б.
  • Мурашбекова Г. С. Би өнерінің биігі - Шара / Г. С. Мурашбекова // Бейнелеу өнері және сызу: мектепте және ЖОО-да оқыту. - 2013. - № 4. - 11-13 б.
  • Сахариева А. Соғыс Шара екеуін қайта кездестірмеді / А. Сахариева // Қазақстан ZАМАN. - 2015. - 11 маусым. - 11 б.

Тұма бұлақтай мөлдір дарынды талант иесі Ш. Жиенқұлованың өмірімен, өнерімен толық танысқыларыңыз келсе кітапханамыздың өнер туралы әдебиеттер бөліміне КЕЛІҢІЗДЕР!

 

Көріңіздер! Оқыңыздар! Біліңіздер!