Ою-өрнек тұрмыс бұйымы мен денені әшекейлеуші декор ретінде адамзаттың пайда болу кезеңінде-ақ дүниеге келді. Б.з.б. 15-10 мыңжылдықтарда ою-өрнектің болғандығы туралы мағлұматтар кездеседі. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта адам өзі жасаған еңбек құралдары мен тұрмыстық бұйымдарды әшекейлеуде ою-өрнектің қарапайым элементтерін пайдаланылғандығы белгілі. 

Бұл "Мәңгілік өнер: Ою-өрнек тарихы" кітабында әлем халықтарының және әртүрлі кезеңдерде ою-өрнек өнерінің пайда болуы мен дамуы қарастырылған. Қазақ халқының ою-өрнек өнерінің даму тарихы, оның классификациясы келтірілген және қазақ ою-өрнектерінің негізгі элементтерінің символикалық мазмұны айқындалған.

Әлемдік ою-өрнек өнерінің мол мұрасын мұқият зерттеу және меңгеру көркем талғамды тәрбиелеуге ықпал етеді, тарихи материалды шығармашылық тұрғыдан өңдей отырып заманауи өнерді байытуға мүмкіндік береді және сәулет өнері, жарнама, киім және тағы басқа салалардың әрі қарай дамуына жағдай жасайды.

Кітап киім, интерьер, графика, ландшафт дизайнерлеріне, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары, колледж студенттеріне, өнер мектебі оқушыларына арналған.

2016 жылы Алматы қаласының "Таймас" кітап баспа үйінен  басылып шыққан.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтедi!