Сіздерді, сахна өнерінің саңлақтарын құрметтейтін барша қауымды актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері, Нүкетай Мышбаеваның  80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шағын көрмемізді тамашалауға шақырамыз! Қазақ театры тарландарының өнегесін көріп, өнердегі өз соқпағын салған актрисаның өмір жолы кімді де болса қызықтырары сөзсіз.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің «Жұлдызды есім...» атты кітап көрмесі арқылы таза сахналық болмысын табиғаттан тапқан, талантына тағзым еткен, өне бойынан өнерге құштарлық лебі ескен, еңселі актриса Н.Мышбаеваның өнерін, алып қарасан әнге ағыл-тегіл, шабытқа жомарт, көңілі қазақтың кең даласындай шексіз шалқып жатқан бүтін болмыс, кемел нұсқа, елеулі тұлғаны танып білері анық.

Себебі, көрмедегі 2013 жылы Алматы қаласының «Өнер» баспасынан шыққан ғұмырнамалық фотоальбомы актрисаның барлық өмірбаянын суреттейтін болса, мерзімді басылым «Театр.kz» журналындағы «Халық сүйген Нүкетай» атты мақалада актриса жайлы жан-жақты сөз етеді.

Бұл көрменің басты мақсаты – оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, өнер туралы әдебиеттерді насихаттау, талғамы биік оқырманды актриса шығармашылығымен таныстыру.

Сондай-ақ, біздің кітапхана қорымызда кездесетін Н.Мышбаева туралы жазылған төмендегіше кітаптар мен мақалаларды назарларыңызға ұсына аламыз:

  • Нүкетай Мышбаева [Мәтін] : фотоальбом / көркемдік жобаның авт.  Ә. Көпіш. - Алматы : Өнер, 2013. - 239 б.
  • Мышбаева, Н. Өмірін онермен өрнектеген [Мәтін] / сұхбаттасқан Г.Тұрсынқожа // Президент және Халық. - 2006. - 13 қазан (№ 41). - 7  б.
  • Сығай, Ә.  Нүкетай Мышбаева [Мәтін] / Ә. Сығай // Мәдениет. - 2012. - №10. - Б. 2-7.
  • Мышбаева, Н. Ел сыйлаған кейуанаға айналғаным - ең биік мәртебем [Мәтін] / Н. Мышбаева // Түркістан. - 2016. - 17 наурыз (№ 11). - 7 б.
  • Бөпежанова, Ә. Кешеден келген бүгінге [Мәтін] / Ә. Бөпежанова // Егемен Қазақстан. - 2016. - 10 наурыз (№ 45). - 5 б.
  • Бөпежанова, Ә.  Халық сүйген Нүкетай [Мәтін] / Ә. Бөпежанова // Театр. kz. - 2016. - № 2. - 21-28 б.
  • Мышбаева, Н.Өмірдің мәні шүкіршілікте [Мәтін] : [Қазақстанның халық артисі, "Парасат" орденінің иегері Нүкетай Мышабаевамен cұхбат] / Әңгімелескен Назым Саймасайқызы // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 11-17 қараша (№ 45/46). - 10 б.

 Көктемгі аспандай таза, тұма бұлақтай мөлдір өнер иесі  Н. Мышбаевамен толық танысқыларыңыз келсе кітапханамыздың өнер туралы әдебиеттер бөліміне КЕЛІҢІЗДЕР!

 Көріңіздер! Оқыңыздар! Біліңіздер!