Құрметті оқырмандар!!!

Кітапхана қоры театр және кинотанушыларға, оқу орындарына, өнер сүйер қауымға арналған жаңа әдебиетпен толықты.

Қазақ халқының театр және кино өнерін биік белеске көтерген тұлғалардың бірегейі - Сәбира Майқанованың әр жылдарда сомдаған рольдерінің суреттері жинақталған "Сәбира Майқанова" атты фотоальбомда ұлы актрисаның шығармашылық ғұмырынан сыр шертіледі. Ол М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, А.Чехов, Н.Гоголь, А.Островский, О.Иоселиани, Ж.Мольер шығармаларында әйел, ана тұлғаларын асқан шеберлікпен шынайы сомдаған.

Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері С.Майқанованың 100 жыл толуына арнап дайындалған фотоальбом театр сыншысы Ә.Сығайдың ерекше құрметке толы естелігімен басталады. Бүкіл қазақ сахна өнерінің алып анасына айналған актрисаның өнердегі сәулелі ғұмырымен таныс болыңыздар.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Сiздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Оқыңыздар!